1. Бұл тақырып студенттерге сирек кездесетін болғаннан әлеуметтану пәнінің нені зерттейтінін қайталап жіберген артық емес



Дата07.04.2023
өлшемі16,83 Kb.
#173967
Байланысты:
Семинар 12


1. Бұл тақырып студенттерге сирек кездесетін болғаннан әлеуметтану пәнінің нені зерттейтінін қайталап жіберген артық емес. Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адамның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез құлықтары және т.б. зерттейді. Ал соның арнайы саласы "Этноәлеуметтану" қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанып отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды қарастырады. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлықтың заңдылықтарын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара әрекетін зерттеу болып табылады.
Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезініп, осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектеніп, күрделі этникалық қауымдастыққа айналады.
Этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен адамдар тобын айтамыз. Адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік десек, осы қажеттілік адамдардың түрлі топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, мүдде-мұқтажына, мәдениетіне, қызметіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Осы арада "этника" деген ұғымға тоқтай кеткен жөн. Ол ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өзгереді, өледі. Мұндай үдерісті этноәлеуметтануда этногенез деп атайды. Этногенездің негізін қалаған атақты ғалым Лев Николаевич Гумилев "этнос" деген ұғымды биологиялық және әлеуметтік тұтастық ретінде анықтап, оны биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті. Сондай-ақ ол этногенезді әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелдеді. Этностың ағынасы "халық" дегенге өте жақын. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан.
2. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен тайпалар да жойылды. Өркениетке өтуге байланысты бірінші кезекке адамдар арасында рулық байланыс емес, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың шығуы тайпаның басқа этникалық қауымдастыққа - халыққа орын беруіне әкелді. Этникалық қауымдастық ретіндегі барлық халықтар өркениет биігінде (Ежелгі Греция мен Рим, Египет, Индия немесе Қытай, кейінірек кезеңді алғанда Франция, Германия немесе Ресей халықтары) өздерінің әлеуметтік–этникалық белгілерімен, яғни шыққан тектерімен, тілдерімен, мәдениетімен, этникалық санасымен және т.б. ерекшеленді, ерекшеленеді.
Халықтар өркениет дәуірінде тайпалармен салыстыруға келмейтін үлкен әлеуметтік–этникалық топтасуға және өздерінің тілдерінің, материалдық және рухани мәдениетінің жоғары дамуына қол жеткізді. Экономикалық қатынастардың дамуы адамдардың саяси және мәдени өзара байланысын күшейтті, ол өз кезегінде олардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуына алып келді. Осының негізінде ұлт қалыптасты. Бұл үдеріс машиналық өндірістің және елдің барлық аймақтарын тұтас бір экономикалық организмге айналдырған капиталистік нарықтың дамуымен аяқталды.
Осы айтылғанды жинақтай отырып, ұлтқа мынандай анықтама беруге болады: ұлт – бұл адамдардың шыққан тегі, тілінің, территориясының, экономикалық өмірінің ортақтығымен, сондай–ақ этникалық санасы мен сана–сезімінде көрініс табатын психикалық ерекшеліктері және мәдениетінің ортақтығымен сипатталатын ерекше тарихи қауымдастық.
Ғалымдар ұлттың тағы бір ерекшелігі оларға кіретін адамдардың мүдделерінің ортақтығын атайды. Бұл ұлттардың қалыптасуы мен дамуының қуатты факторы болып саналатын олардың бірге өмір сүруімен, ортақ тарихы және ортақ тағдырымен түсіндіріледі. Міне, осыдан бар мүшелерін ұйыстыратын ұлттың рухани әлемі қалыптасады. Ұлттық түсінік белгілі территорияда тұрып жатқан тұтас ұлттардың ғана емес, оның қай мемлекетте, қандай халықтармен бірге тұрмасын барлық өкілдерінің этникалық белгілерін білдіреді.
3. Ұлт проблемасында ұлттық–этникалық қатынастар ерекше орын алады. Оның тууы мен дамуының объективті алғы шарты ұлттың шығу тегіне, өмір сүруі және дамуының жағдайына, тілінің, мәдениетінің, этникалық санасымен және т.б. аяқталатын этникалық сипаттары жағынан бөлек ерекшеліктерінің болуымен байланысты. Және ұлттық–этникалық қатынастар басқа қатынастардан (саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық) таза күйінде өмір сүрмейді, оның мазмұны мен нысанында көрініс табады. Бұл қатынастардың барлығы шешімін тауып жатқан кезде белгілі этникалық қауымдастықтың проблемалары ғана қозғалса, онда ол ұлттық сипат алуы мүмкін.
Ұлттық-этникалық қатынастар тек тұтас ұлттар, этностар, халықтар арасында пайда болып қоймайды, сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті қатынас үстінде болуы мүмкін. Тұлғаралық қатынастарда олардың моральдық және психологиялық қырларын ескеру аса қажет. Адамдардың ұлттық сезімі нәзік, ол жеңіл жаралануы мүмкін. Сол себепті әдептілік пен сыпайылық, бір-біріне деген сыйластық аса қажет. Бұған басқа халықтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жалпы мәдениетін білудің, басқа ұлт өкілдеріне қатысты төзімділік пен құрметтеуді тәрбиелеудің орны бөлек.
Ұлттық-этникалық қатынастар белгілі бір этностардың өздерінің мүдделерін жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен бірге халықтардың ұлттық мүдделері өздерінің өмір сүруіне, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикалық, мемлекеттік, мәдени дамуларына қатысты болады. Сондықтан осы қатынастар кешенін үндестіру халықтар арасындағы әлеуметтік-саяси және басқа қатынастарды, сондай-ақ ұлттық сана мен саяси институттарды демократияландыру жағдайында мүмкін болады. Бұл барлық халықтардың шынайы мүддесіне сай және ұлтаралық қатынастар дамуының объективті бағытынан ұлттың барынша көпшілігінің экономикалық және саяси дербестігін дамытудан, олардың мемлекеттігін, рухани мәдениетінің дамуын жетілдіре түсуден байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет