Балалар! Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үндістер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік ақппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 1803 жылдан бастап АҚШ Францияға, Англияға, Испанияға, Ресейге және өзінің жақын көршісіне - Мексикаға - тиесілі жерлерді иеленді. Олардың кейбіреулері ресми түрде сатып алынды, басқалары бұрынғы иелерімен өзара тиімді шарттармен берілді, кейбір аумақтар қарулы күш пайдалану арқылы қосылды. Тәуелсіздік үшін соғысы аяқталғаннан кейін, АҚШ аумағы Атлантикадан Миссисипиге дейін созылған. XIX ғасырдың ортасында Құрама Штаттар Тынық мұхитына дейінгі жер көлемін игерді. Аймағының қарқынды өсуінің негізгі себебі - АҚШ-тың ерекше сыртқы саясаты болды. Жас мемлекет, бір жағынан, еуропалық мемлекеттердің соғыстарына және әскери одақтар қатысудан бас тартты, екінші жағынан, басқа елдерде туындаған проблемаларды өз мүддесі үшін шебер пайдаланды. Мысалы, француз императоры I Наполеон ақшаға мұқтаж болды. Құрама Штаттарда ақша баршылық болды. Император Миссисипиден батысқа қарай орналасқан өзінің Солтүстік Америкадағы жер иеліктерін қаражат керектігінен сатуға шешім қабылдады. Бұл жоспар іске асырылды. Американдықтар Луизиананы француздардан 15 миллион долларға сатып алды, бірақ олардың бірде-біреуі осы аумақтың нақты шекараларын елестете алмады. Басқа еуропалық отарлық держава - Испаниядан - Америка үкіметі Флориданы қолына жеткізді. Әртүрлі себептермен американдық әскерлер: қашып кеткен қара нәсілді американдықтарды іздеу барысында, содан кейін үндістерді қудалап осы аймаққа бірнеше рет басып кіріп және соңында оны басып алды. Бірақ, АҚШ-тың экспансионистік саясатын жүргізудегі ең маңызды жетістігі – ол «Монро доктринасы» саналады. Бұл доктрина президент Монроның 1823 жылғы желтоқсандағы АҚШ Конгрессіне арнаған жолдауында айтылған. Жолдауында Америка континентінің жері, ендігі уақытта еуропалық державалардың отарлау аймағы ретінде қарастырыла алмайтындығы туралы айтылды. Ол Америкадағы еуропалықтардың отарларын қабылдауға уәде етті, бірақ Ескі Әлем елдерінің жаңа отарларды иеленуге жол бермейтінін мәлімдеді. Еуропа мемлекеттері осы құжаттың шарттарымен келісті, осылайша американдықтарды АҚШ-на Америка құрлығының толық қожайыны болуға мүмкіндік берді. Осыдан кейін Америка Құрама Штаттары бұрынғы Испанияның Латын Америкадағы отарларының орнында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді белсенді түрде қолдай бастады, олардың экономикасына еніп, кейін олардың аумақтарын өзіне қосып алды. Мысалы, 1845 жылы АҚШ Мексикаға тиесілі Техасты басып алды. Келесі жылы олар Мексикамен соғыс бастады, оны жеңіп алды және Жаңа Мексика мен Калифорнияның үлкен аумақтарын өз территориясына қосып алды. АҚШ-тың ең табысты сатып алуларының бірі - Ресейден Алясканы сатып алу болды. Оның бастамашысы Бас хатшы Генри Стьюард болды. Бастапқыда бұл келісім «Стьюарттың назы» деп аталды, себебі Америкадағы осы алыс жерлерді сатып алуға мүдделі адамдар аз еді. Алайда, Юконның алтыны табылғаннан кейін, мыңдаған американдықтар Аляскіге ұмтылды.