1. Цифрлық технологиялар жұмысының негізгі прирциптері


Білім берудегі цифрландыру



бет2/35
Дата24.04.2024
өлшемі0,86 Mb.
#201316
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Цкт жауаптары

4.Білім берудегі цифрландыру:
Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы.


5. Білім берудегі цифр технологиялар :
Цифрлық технологияның білім берудегі маңызы - білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады.
6.Цифрлық техноглогия мүмкіндіктері
ХХІ ғасыр - технологияның қарыштап дамып жатқан заманы.Сабақ барысында тек ұтымды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану жеткіліксіз, сабақта барынша цифрлық технологияларды, оның ішінде қазақ тілін үйретуге арналған платформалар, мобильді қосымшалар т.б тиімді пайдалану аса маңызды.Цифрлық тех мүмкіндері
1)тапсырмаларды орындау және материалдарды зерделеу ұтқырлығын арттыру
2) материалдард ың көрнекілігін арттыру
3) оқытушымен жедел кері байланысты жүзеге асыру
4) студенттердің ынтасын арттыру
5) студенттердің тапсырмадан өткеннен кейін бірден нәтижеге қол жеткізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет