89. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыруға көмекші сандық құралдар.
Оқушыларының сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман - мүддесін танытуда, оларға идеялық - саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
І. Жаңа оқыту әдіс - тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру.
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай, оқушылардың талантын ашу – менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.
90. Web технологиялар -Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені. Web-технологиялар дегеніміз - ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер web-технологиялардың техникалық негізі болып табылады.
Web- сайт - бір серверде орналасқан, ұқсас тақырыптар бойынша топтастырылған, жеке тұлғаның немесе мекеменің web-парақтары жиыны. Бір ғана web-парақтан тұратын web-сайттарды да кездестіруге болады.
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
91. Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқытуға көмекші сандық құралдар.
Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқытуға арналған әдіс құралдар-бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Ойынға қойылатын талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |