1. Циклон ауа қысымы төмендеуінен атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ауа массасы. Оның диаметрі бірнеше мың шықырымға дейін барады. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады



бет2/3
Дата15.12.2021
өлшемі20,34 Kb.
#100855
1   2   3
Байланысты:
wbrkjy.;tk

4. Жергілікті желдер – белгілі бір аймақтың табиғи – географиялық ерекшеліктеріне (орографиялық құрылымына, үлкен су қоймаларының болуы, т.б.) байланысты болатын табиғи құбылыс.

Олардың ішіндегі негізгілері – бриздер мен муссондар. Олар жылдамдығы, бағыты, қайталанып соғуы, т.б. ерекшеліктерімен байқалады. Жергілікті желдер жергілікті атмосфералық айналымға байланысты да туады (бриз, муссон, аңызық, тау-аңғар желі, мұздық желі, бора, фен, т.б.).



Қазақстан аумағында да күшті соғатын желдер бар. Олар: Арыстанды – Қарабас, Жалғызтөбе, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау, т.б

Бриз (француз тілінде – жеңіл жел) – теңіз, көл жағалауында соғатын жел. Құрлық пен су үстіндегі ауаның біркелкі жылынбауынан пайда болады. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертіп отырады. Күндіз теңізге қарағанда құрлық тез жылынады. Құрлық бетіндегі ауа қызып, ауа қысымы төмендейді. Су бетіндегі ауа салқын, тығыз болады да, ауа қысымы жоғарылайды. Ауа қысымы жоғары аймақтан, төменгі аймаққа қозғалып, жел соғады. Бұл – күндізгі бриз.Түнде су жылы болады. Оның бетіндегі ауа жылы, қысымы төмен болады. Құрлық тез суып, оның бетіндегі ауа салқындайды, қысымы жоғары болады. Жел құрлықтан теңізге қарай соғады. Оны түнгі бриз дейді.

Муссон (араб. муссон – маусым) – бриз сияқты тұрақты жел. Бұл желдердің бағыты қыс пен жаз айларында байқалады. Қыста құрлық қатты салқындап, жоғары қысым орнайды, теңіз жылы, қысым төмен болады. Жел жазда теңізден құрлыққа, қыста құрлықтан теңізге қарай соғады. Өздерің байқап отырғандай, жел өзінің бағытын жыл маусымдары бойынша өзгертеді. Сондықтан жазғы және қысқы муссон деп аталады. Муссондар – Еуразия материгінің Тынық мұхит жағалауларына тән, табиғи құбылыс. Жауын-шашынның жылдық мөлшері, жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай ауа ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашьш күрт азаяды. Ал материктердің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығысқа қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай контипенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.

Пассат (нем. көшкенге қолайлы жел) —Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты желдер; қос жарты шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймағы (25 градус — 30 градус ендіктер) мен экватор арасындағы жыл бойы байқалатын тұрақты түрдегі ауа массаларының тасымалдануы.
Жер бетіңе жақын ауа қабатыңда үйкелу мен Кориолис күшінің әрекетінен, Солтүстік жарты шарда Солтүстік-Шығыс желі, ал Оңтүстік жарты шарда — Оңтүстік-Шығыс желі қалыптасады. Жердің өз өсімен айналуының әсерінен өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады. Материктердің үстінде атмосфера қысымының жергілікті ерекшелігіне байланысты оншалық байқалмайды. Пассаттар атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді. Пассат инверсиясы дегеніміз пассаттармен байланыстыболып келетін антициклондарға тән сығылу инверсиясы (ауаның шөгу нәтижесі). Инверсиялық қабат бұлттардың вертикаль дамуына қедергі жасайды, сондықтан да пассаттар үшін жазық будақ бұлт және жауын-шашынның мөлшері тән болып келеді. Қарама-қарсы жарты шарлардың шарлардың пассаттары біріне-бірі қарсы бағыттала отырып, экваторға жақын бірігеді. Олардың кезігу облысында (конвергенцияның ішкі тропиктік зонасы) ауаның күшті өрмеле ағысы туады. Қуатты будақ және будақты-жаңбыр бұлттары түзіледі, мол нөсер жаңбырлар жауады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет