1. Дара сөзді табыңыз. А әке шеше в аялдама с жезқазған д жер шары



Дата09.01.2022
өлшемі22,8 Kb.
#110343
Байланысты:
aza-tl-6-synyp-test-sratary-5-nsa...


1. Дара сөзді табыңыз.
А) Әке - шеше В) Аялдама С) Жезқазған Д) Жер шары
2. Көнерген сөздер нешеге бөлінетінін табыңыз.
А) 1 В) 5 С) 2 Д) 3
3. Сапалық сын есімді тіркесті табыңыз.
А) Орманды алқап В) Өнерлі жігіт С) Аттылы адам Д) Көк шөп
4. Бір сыңары қосымшалы, қайталама қос сөзді табыңыз.
А) сөйлей - сөйлей В) айтып - айтпай С) өз - өзінен Д) жалт - жұлт
5. Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) көмек, бақташылар В) барымташы, жақсылық
С) келіссөз, жеңілдік Д) сағыныш, аспан
6. Туынды зат есімді табыңыз.
А) қойшы В) Көкшетау С) азық - түлік Д) Арал теңізі
7. Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.
А) күшік, кешік В) ыстық, қапырық С) дәстүр, мүлік Д) түлкі, күлкі
8. Омоним болатын сөздер қатарын табыңыз.
А) жүз, қой В) қалам, ән С) ағаш, темір Д) нан, дәптер
9. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) жаулардан тығылды В) өкпесі аузына тығылды
С) үйге тығылды Д) ауылға тығылды
10. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) екі жүз тоғыз В) он жетінші С) оннан бір Д) жүздеген
11. Сан есімнің дұрыс жазылу емлесін көрсетіңіз.
А) алтыау В) Х - сынып С) 100 - деген Д) 1992 - жыл
12. Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.
А) дауыстап айтуға келетін дыбыстар
В) ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар
С) салдырдан жасалған дыбыстар
Д) ауа өкпеден кедергісіз шығып, үн мен салдырдан тұратын дыбыстар
13. «Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықта.
А) 5 дыбыс, 4әріп В) 5дыбыс, 5 әріп С) 4дыбыс, 5 әріп Д) 6дыбыс, 4 әріп
14. Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) өзім В) әлдекім С) ешкім Д) бәрі
15 Етістіктің сұрақтарын табыңыз.
А) кім, не В) қандай, қай С) неше, нешінші Д) не істеді, қайтті
16. «Жылдам» сөзінің синонимін табыңыз.
А) айбатты В) ақырын С) лезде Д) күшті
17. Кірме сөзді табыңыз
А) жал - құйрық В) сөмке С) қалам Д) атқамінер
18. Архаизм қатысқан қатарды табыңыз.
А) жазық дала В) күпі киді С) жол үсті Д) сөз құдіреті
19. Омонимі бар сөздерді табыңыз.
А) Әдепсіз бала.
В) Көппен көрген ұлы той.
С) Сабағыңа дайындал.
Д) Айт күні жақсы тілектер айт.
20. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Алтын теңге шығарылды.
В) Алтын – пайдалы қазба
С) Ұйықташы, жаным, алтыным
Д) Он алтын алқа алды.
21. Орыс әліпбиіне көшкен жылды көрсетіңіз.
А) 1940 В) 1939 С) 1929 Д) 1941
22. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай бөлінісін көрсетіңіз.
А) жіңішке, ашық В) жуан, жіңішке С) ашық, қысаң Д) еріндік, езулік
23. Тұйық буын мен бітеу буыннан жасалған сөзді табыңыз.
А. Аспап В. Сана С. Сатқын Д. Кербез
24. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.
А. Әлдекім В. Күнбатыс С. Тұзсыз Д. Қазақстан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет