Қазақстан мен қытай арасындағы шекаралық келіссөздер мәселесі



Дата02.07.2018
өлшемі41,79 Kb.
#46024
ӘОЖ

Әбубәкірова Ә.П.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

2 – курс магистранты
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ

Аннотация


Мақалада ең алғашқы ресми шекаралық келіссөз болып табылатын, Ресей мен Қытай арасындағы және тәуелсіз Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздерге нақты тоқталып, қарастырылған. 300 жылдан астам уақыт аралығында жүргізілген шекаралық келіссөздердің әр қайсысының ерекшеліктерін көрсету мақсатында жеке – жеке аналитикалық талдау жүргізілген. Әр келіссөздердің артықшылықтары мен кемшіліктері және келіссөз барысында жіберілген қателіктер де көрсетілген.

Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, Ресей, Қытай, келісім, келіссөз, шекара, территория.

Қазақстанның территориясы алты ғасырдан бері қазақ халқының өмір сүріп келе жатқан этно – территориясы болып табылады. Бүгінгі таңда аумағының үлкендігі бойынша дүние жүзінде 9 – орынды алатын Қазақстан Республикасының жер көлемі бұдан да үлкен болуы немесе бұдан да кіші болуы мүмкін. ХV – ХХ ғасырлар аралығындағы Қазақстанның территориясының бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырғаны баршамызға тарихтан мәлім. Сол територрияны бекітудегі шекара мәселесі қай елде болмасын, қай кезеңде болмасын өз өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңдағы мемлекеттердің өз алдына жеке ел, жеке мемлекет болып отырғандары да сол шекара мәселесімен тікелей байланысты. Егер ел тәуелсіз бірақ шекара бекітілмесе, өзге мемлекеттер тарапынан түгел мойындалмаса, ондай тәуелсіздіктен береке болмайтыны белгілі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ең алдымен, көршілес мемлекеттермен арақатынасты, яғни шекаралық мәселелрді шешуге кірісті. Оның ішінде алғашқысы да, қиыны да Қытай Халық Республикасымен жасалған келіссөз. Қытаймен шекара КСРО кезінде де өз шешімін таппаған болатын. Сол себепті де Қазақстан мен Қытай мәселесі айтарлықтай қиындық туғызған болатын. Негізінен Қазақстан мен Қытай шекарасының айқындалуының тарихы кемінде үш ғасырдай уақытты алып жатыр. Ал, қағаз жүзінде, яғни, құжат күйінде рәсімделе бастауының өзі 190 жылдан асты.

Қазақ хандығы құрылғанғы дейін оның негізін қалаушылар оңтүстік – шығыс шекарасы бойынша қытайлықтармен келісім жүргізбеген. Тарихтан белгілі, б.з.б. 127 – ші, 121 – ші және 119 жылдары қытайлықтар мен ғұндардың арасындағы ең жойқын соғыс болады. Б.з. 73-ші, 86-шы және 91 жылдары болған қан төгісті шайқаста Аспан асты елі жеңіп шығады. 751 жылы Самарқанд түбінде қытайлар мен арабтар соғысады және осыдан барып Жоңғар хандығы құрылады. Бұл хандық Ресейге айтарлықтай қиындық туғызған жоқ. Қайта Қытай мен Ресей арасындағы буферлік зона ретінде болды. Жоңғар хандығының көрші мемлекеттерге басқыншылық жорықтар жасауы, алым – салық төлетулері де қазақ жүздерінің Ресейге қосылу үдерісін тездетті [1.42-43]. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін оңтүстік және батыс шекаралары патша жарлығы бойынша әкімшілік аймақтарға бөлінді, бірақ көрші елдермен ешқандай да келісімшарттар жасалынбады. Алғашқы рет шет мемлекеттедің ішінде халықаралық деңгейдегі акт Қытаймен жасалынған болатын. Ресей негізгі күшін ұзақ уақыт бойы оңтүстік және батысындағы шекараларға жұмылдырды. Бұған себеп Қара теңізге шығу үшін жеті жылдық соғыс болатын, осыдан Ресей Орта Азияға көп нәрсе істей алмады. Бірақ, өзінің солтүстік – шығыс және солтүстік Қазақстанның шекаралық сызықтарын бекіте отырып, қазақ руларын тыл жұмыстарына қатыстырды және жоңғарлардың агрессивті шабуылдарын тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін, алғашында Алтай мен шығыс Жетісудағы қытайлардың көшіп – қонуына тыйым салынды, кейін олардың барлығы Синь-цзян территориясына қоныс аудартылды. Осыдан барып алғаш рет мемлекеттік шекара сызығы сызылп, келіссөздер мен келісімшарттар жасалынды.

Қытай мен Ресей арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара екені белгілі. Оның ұзындығы – 7520 километр. Шекараны анықтауда Ресей, Қытай және Корей мемлекеттерінің түйіскен жері Тумыньцзян өзенінен Шелек өзенінің сағасынан Арғұнға құяр жеріне дейін 4375 км құраған. Шекараны бекіту үшін он төрт келісімшарттар, өзге екі жақтың акттерімен 1689 – 1915 жж. дейін бекіткен [2.19].

Қазақ жері Ресей империясының құрамында болған кезде Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара алғаш рет заңды тұрғыдан құжатталған. Оның өзі Ресей мен Цин империясының Орталық Азиядағы геосаяси мүдделеріне тікелей байланысты. Сол тұста Жетісу жеріне төрт жақтан бірдей дәмелілер шыққан. Бұл құйқалы аумаққа осы жердің байырғы иесі ретінде қазақтар, жердің біраз бөлігін нақты басып алған Қоқан хандығы, Жоңғарияны жеңген, сөйтіп, оның қол астындағы аумаққа иелік етуге құқым бар деп санаған Қытай, қазақ хандарынан орыс мемлекетіне адалдыққа ант қабылдаған Ресей таласты [3.85]. Осындай жағдайда Ресейдің де, Қытайдың да сол жердегі өздерінің иеліктерін таңбалайтын шекаралық шептерді белгілеп алуға мүдделі болуы заңды еді. Оның үстіне қазақ жерінің Қытай жақ беті де тыныш емес болатын. Шыңжаңдағы бітпейтін де қоймайтын ұлттық көтерілістерден қажыған Қытай да Іле өлкесіндегі шекарасын заңдастырып алуға ықылас танытты.

Ресей мен Қытай арасындағы ең алғашқы келіссөз Нерчинск келісімі Ресей мен Чиң империясының арасында жасалған алғашқы келісім. Бұл келісімге 1689 жылғы тамыздың 27-сінде қол қойылды. Бұл келісімнің жасалуының себебі — Приамурье аймағы үшін болған Ресей - Мәнжу шекара қақтығыстары болды. Қол қоюшылар — Чиң императорының атынан Соңғотү, орыс патшалары І - ші Петр және V - ші Иванның атынан — Федор Головин болды.

Осы келісім бойынша, Ресей Жапон теңізіне шығу үшін өзіне жер алмайтын болып міндеттелді және Қытайда орнаған Чиң мемлекетімен сауда-саттық қатынастарын орнатты. Орыстың Қытай мен Ресейдің арасындағы даудың себебі болған Албазин бекінісінің тұрғындары шығарылып, бекіністің өзі қиратылуға тиісті болды. Екі елдің арасындағы шекара Становой жотасы мен Аргун өзені бойынша орнатылды.

Келіссөздердің басы – қасында болған екі аудармашы — Жан-Франсуа Гербильон және Томас Перейра келісімді үш тілге — орыс, мәнжу және латын тілдеріне аударды, бірақ олардың арасында елеулі айырмашылықтар болды. Келісімнің ресми қытайша аудармасы болған жоқ [4. 5-7].

Орыс-қытай арасындағы сауда мәселесi жөнiнде жүргiзiлген келiссөздер орыс - цин қатынастарын әрi қарай шиеленiстiрiп жiбердi.

Цин патшалығы Ресей Империясының Халха жерiне енуiн тоқтату мақсатымен бiрнеше шаралар қолданды:

Солтүстiк Моңғол жерiне Қитай мемлекетiнiң саудагерлерi үшiн жол ашылды, мұнда Ресей Империясы саудагерлерiн қуу, Халханы Қытай рыногына сай қайта құру мақсаты көзделдi. 1689 жылғы Нерчинск келiсiм - шартын бұзып, моңғол халқына Ресеймен сауда жасауға тыйым салынды [5.7-8]. Бiрақ бұл шара жүзеге аса алмады: орыс-моңғол сауда қатынастары одан әрi дами бердi.

Жасалған әрекеттердiң нашарлығы, Жоңғар хандығымен қатынастардың сууы Цин Императоры Кансидiң келесi әрекеттерге итермеледi: Ресей Империясы саудагерлерiнiң Солтүстiк Моңғол жерлерiне енуiн тоқтату мақсатында манчжурлықтар орыс керуендерiнiң Пекин қаласына келуiне тыйым салынады. Ресей-Қытай сауда қатынастарын қайта қалпына келтiру мақсатында 1727 жылы Пекин қаласына Л. Измаилов бастаған миссиясы келiп, бұл миссия саяси мәселелердi шешуге өкiлеттiлiктiң болмауынан миссия сәтсiздiкке ұшырайды. Бұл миссия Мәскеудiң мүддесiн анық көрсеттi, яғни Ресей Империясы Солтүстiк Моңғолиядағы өз үстемдiгiн сақтап, Қытай мемлекетiмен сауда қатынастарының әрi қарай дамуын көздедi. Ресей өз дегенiнен қайтпай, мақсатына әрi қарай ұмтыла бастады.

Ресей Империясымен сауда қатынастарыны үзiп, Цин мемлекетi үлкен қателiк жiбердi. Бұл қателiк салдары өте ауыр болды деуге болады:

Ресей Империясы үкiметi аймақтағы шектелген саясатын тоқтатты, себебi орыс-қытай керуендiк сауда өз жұмысын тоқтатты. Мұны пайдаланған Ресей көп ұзамай қажеттi шараларын қолданыла бастады:

1772 жылы Жоңғар хандығына Ресейден Унковский миссиясы жiберiледi, бұл миссияның мақсаты Жоңғар мемлекетiнiң Ресей Империясы құрамына енуi, яғни ресей -жоңғар келiсiм - шартын жасау едi [6.158].

Әрине сол уақыттағы Ресей Империясының патшасы Петр I орыс - жоңғар шартының нәтижесiнде кемiнде Ресей-Қытай қатынастарының шиеленiсiп кету, тiптi соғысқа да алып келу қаупiн болжай алды. Ресей Империясы өз жерлерiнен айырылып қалудан қорықпады. Әрине Цин Империясының Ресейге деген қысымы жайлы әңгiменiң де болуы мүмкiн емес едi.

Бiрақ Цин Империясының патшасы Кансидiң өлiмi орыс-жоңғар қатынастарының алыстап кетуiне алып келдi. Сонымен қатар орыс-цин байланыстары да бiртiндеп үзiле бастады. Осының салдарынан Ресей Империясы Қытаймен сауда байланысын жақсарту, шекара мәселесiн шешу мақсатымен 1725 жылы Қытайға І Екатеринаның бұйрығы бойынша С. Рагузинский – Владиславич бастаған елшiлiгiн жiбередi [7.10].

Ұзаққа созылған келiссөздер нәтижесiнде әуелi 1727 жылы 20 тамызда Бурин трактаты, сонан соң Кяхтинск келiсiмшарты дүниеге келедi.

1727 жылғы Кяхтинск келiсiмшарты 1689 жылы Нерчин келiсiм – шартында болған оқиғалардың нақты қайталауы болып шықты деуге болады. Бiр өзгешелiгi мұнда әскери қақтығыс, қантөгiс болмады. Бурин трактатының нәтижесiнде Ресей империясы Урянхай өлкесін, Косогол мен Далай-нор өзендер аймағын бердi. Жауап ретiнде Цин үкiметi орыс-қытай сауда керуендерiн қайта қалпына келтiрiп, орыс керуендерiнiң санын 200 адамға жеткiзiп, әрбiр 3 жыл сайын керуендердiң жүруiне келiстi. Мұнда орыс пен жоңғар керуендерiнiң мөлшерi теңестiрiлдi. Сонымен қатар Цин үкiметi Ресей Империясы саудагерлерiне орыс-халха шекарасындағы екi аймаққа: Кяхта мен Цурхайту (Маймайчене) жерлерiне сауда жасауға мүмкiндiк бердi [8.11]. Осының нәтижесiнде Цин Империясы Моңғол жерлерiнен Ресейдiң кетуiне қол жеткiздi. Мұнда Циндiктер еш нәрсе жоғалтқан жоқ деуге де болады. Олар Ресей Империясымен сауда қатынасын да дамытып, Орыстардың шекаралас жерлерiне ықпал етуге де мүмкiндiк алды.

1758 жылы Қытай Жоңғар хандығын талқандайды, жүз мыңдаған ойраттар қырылады. Енді Ресей үкіметі Байкалдан Тобылға дейінгі шекараны «қайта қалпына келтіруді» талап етті. Жер дәмеленген Ресей Қытаймен келісіп, жаулап алған жерлері мен Синцзянның (Жаңа шекара) территориясын Ресейдің қатысуымен анықтады.

Мемлекеттер арасындағы қатынасты реттейтін Ресей мен Қытайдың арасындағы құжат 1851 жылы 25 шілдеде Іле қаласында өткен кездесуде Орта Азиядағы сауда жолдары Құлжа мен Чугучакты ашу туралы келісімге қол қойды. Онда шекара туралы мәселе қозғалмады бірақ, бұл екі жақ өзара талаптарының шешілуінде дұрыс роль ойнады, яғни, көрші аралық сауда «тек екі державаның достығы үшін» ашылды [9.26].

«Достық қатынастың» дамуы Ресейдің Зайсан өзенінің шығысына және Іле өзеніне, Іле Алатауының оңтүстігіне жылжуына еш кедергісін келтірмеді. 1847 жылы Аякөз, Қапал бекіністері, 1854 жылы Верный бекіністері салынды. Ресейдің бекіністерді салудағы мақсаты Қытайға қарсы тұру және Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізу, езілуші Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына және қырғыздарға солтүстіктен арашалаушы болу үшін салған. Және бұл Ұлы жүз бен қырғыз руларының Ресей бодандығын қабылдауын тездетті.

Осыдан кейін шекара мәселесі жөнінде Айгун келiсiмшарты жасалды. Айгун келісімшарты – 1858 жылғы орыс-қытай шекарасы мен сауда мәселесi жөнiндегi келiсiмшарт. 16 мамырда Амур өзенiнiң оң жақ жағалауындағы Айгун қаласында жасалынды. Ресей Империясы жағынан Шығыс Сiбiр генерал-губернаторы Н.Н. Муравьев қол қойса, Қытай мемлекетi жағынан iрi қолбасшы И Шань қол қойған болатын. Келiсiмшартқа сай «Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы, Аргуннан бастап, Амурдың теңiзге құятын жерiне дейiн» Ресей Империясының жерi болып есетелiнсе, «оң жақ жағалауы, Уссури өзенiнiң төменгi ағысына дейiн Қытай Империясының жерi болатын болды.Уссури өзенiнен теңiзге дейiнгi жерлер жөнiндегi Уссурийск аумағы мәселесi ашық болып қала бердi [10.15]. Бұл жерлер екi жаққа да ортақ жерлер болып есептелiндi. Уссури, Сунгари, Амур, ортақ иелiкте болып қала бердi, ал шетелдiк кемелердiң бұл өзендер бойымен жүзуiне тыйым салынатын болды. Айгун келiсiмшарты Ресей Империясына 1689 жылғы Нерчинск келiсiмшарты бойынша берiлген жерлер түгелiмен бердi.

Айгун келiсiмшарты 1860 жылғы Пекин келiсiмшартымен толықтырылды. Пекин келiсiмшартында Ресей Империясына Уссурийск аймағы кiретiн болды [11.113].

Ұлы Ресей Империясының 37 губерниясының бас билеушiсi, император Александр Николаевичтiң сенiмдi өкiлi, генерал-лейтенант Николай Муравьев және ұлы Дайцин мемлекетiнiң генералы, Амурлық қолбасшысы, князь И Шань, көпшiлiктiң келiсуiмен, екi мемлекет арасындағы мәңгiлiк достық үшiн, екi ел азаматтарының пайдасы үшiн мынаны бекiттi:

Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы, Аргуни өзенiнен бастап, Амур өзенiнiң теңiзге құятын жерiне дейiнгi жерлер Ресей Империясының иелiгi болсын, Уссури өзенiнiң төменгi жағалауы Дайцин мемлекетiнiң иелiгi болсын. Уссури өзенiнен теңiзге дейiн жатқан жерлер Ресей Империясы мен Дайцин мемлекетi иелiктерi болсын. Амур, Сунгари, Уссури өзенi бойымен тек ресейлiк және дайциндiк кемелердiң жүзуге құқылы. Басқа да шетелдiк кемелердiң бұл өзендермен жүзеге құқығы жоқ.

Амур өзенiнiң сол жақ жағалауындағы Зей өзенiнен оңтүстiкке қарай, Хормолдзинь деревнясына дейiн 48 мачжурлық тұрғынды сол жерде мәңгi қалдырып, оларға манчжур үстемдiгн сақтап, оларға орыс халқының ренiшi мен қарсылығы болмасын.

Екi мемлекеттiң достығы мен татуластығы үшiн Уссури, Амур, Сунгари өзендерi бойымен өмiр сүрiп жатқан халықтар арасында сауда жасау мүмкiндiгiн беру керек. Ал аталған жерлердiң билеушiлерi осы сауда қатынастарына өз үлестерiн қосуы тиiс [12.88].

Ресей Империясының өкiлеттi елшiсi генерал-губернатор Муравьев пен дайцин мемлекетiнiң қолбасшысы И Шань, көпшiлiктiң келiсiмi бойынша, келiсiмшарттың мәңгiлiк және нақты түрде орындалуы тиiс. Ол үшiн орыс елшiсi генерал-губернатор Муравьев, келiсiмшартты орыс және манчжур тiлдерiнде жазып, Дайцин мемлекетiнiң қолбасшысы И Шаньға тапсырды. Ал Дайциндiк қолбасшысы келiсiмшартты манчжур және моңғол тiлдерiнде жазып, Ресей Империясының генерал - губернаторы Муравьевқа тапсырды [13.15-17].

Осы келiсiмшартта жазылған бағдарламаны екi мемлекеттiң шекаралық бекет қызметкерлерiне хабарлануы тиiс болды.

Ресей – Қытай шекарасының Қазақстандағы бөлігі Хан – Тәңірі тауынан бастап Тянь – Шаньға дейін, Бұқтырма өзенінен Алтайға дейінгі шекараны анықтап, 9 құжатты бекіткен. Олардың біріншісі – 1860 жылы 2 қарашада «Ресей – Қытай шекарасын анықтауда Пекин қосымша келісімі, саудаға байланысты Құлжа дипломатиялық қатынасы» қабылданған. Бұл келісім шарт 15 тармақтан тұрады. Оның бастапқы екеуі екіжақтық маңызға ие болды. Біріншісі 1858 жылы 16 мамырдағы шығыс шекараға байланысты «Айгунь» келісімі болса, екіншісі батыс шекарасына байланысты болды.

1860 жылы 2 қарашада Қытайдағы орыс өкілі Н.П.Игнатьев пен Қытайдың ұлы князы Гун Пекинде қол қойған трактат Пекин шарты қабылданады. Ол 1858 жылы Айгун шартын және 1858 жылы Тяньцзинь орыс - қытай шартын толықтыра түсті. Трактат бойынша Ресей мен Қытай арасындағы шығыс және негізінен батыс шекара шептері белгіленді. Уссури өнің оң жақ жағасы Ресейге, сол жақ жағасы Қытайға қарады, басқа шекара Сунгача өзені, Ханка көлі, Беленхэ өзені бойларымен, Корея шекарасына дейін Тумыньцзян өзенінің бойымен белгіленді. Орыс - қытай сауда қарым - қатынасының тәртібі анықталды. Екі жақ консілдармен алмасуға, Орыс үкіметі өз консулын Ургада және Қашғарда ұстауға келісілді, дипломатиялық хаттар алысу тәртібі белгіленді [14.18-19].

Келесі, Петербург шарты — 1881 жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жаюынан сескенген Ресей 1871 жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды [15.1-5]. Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат. келіссөздерден кейін 1881 жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол қойды.

Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді. Іле халқына бір жыл ішінде Ресейге дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат берілді.

Екі мемлекеттің Іле аймағындағы шекарасы Бежінтаудан басталып, Қорғас өзенін бойлай оның Ілеге құяр тұсына дейін созылып, одан қазіргі Алматы облысындағы Көлжат ауылының шығысын орап өтіп, оңтүстікке қарай Ұзынқаратауға дейін, ал қалған жері 1864 жылғы Шәуешек келісімінде көрсетілген сызықпен өтетін болды. Алайда қазақтардың бұрынғысынша жайлау мен қыстауларын ауыстырып, көшіп-қонып жүруі Ресей мен Қытай шекарасында біраз қиындықтар туғызды [16.55-56].

Келіссөздер барысында патша өкіметі “жерлері дұрыс бөлінбеген қазақ рулары тұтасымен Ресей бодандығында болу керек” екендігін дәлелдеу арқылы, Зайсан мен Қара Ертіс аумағындағы шекараны Ресейдің пайдасына қайта белгілеуге қол жеткізді. Шекара сызығы Қара Ертістің Күйтін тауларынан Сауыр жоталарына қарай кесіп өтетін болды. Сондай-ақ Қоқан хандығы Ресейге қарағаннан кейін Ферғана облысы мен Шығыс Түркістан арасындағы шекара сызығы айқындалды. Осы келісімде белгіленген шекараны одан әрі айқындау шаралары 1882 — 84 жылдары жүргізілді. Бірақ өкінішке орай, шекараны айқындау кезінде шекара маңын мекен еткен қазақ пен қырғыз халқының жерлері бәрібір дұрыс бөлінбей, біртұтас халық екі мемлекет аумағына бөлініп кетуге мәжбүр болды.

Петербург шартынан кейін екі мемлекеттің Орталық Азиядағы шекаралық иеліктерінің жалпы бағыты айқындалып, орыс - қытай шекарасының қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл Ресей мен Қытайдың Орталық Азияда әкімшілік-аумақтық биліктерін толық заңдастырып алуына жол ашты. Шыңжаңның шекарасы айқындалып, ол Қытайдың ажырамас бөлшегіне айналды. Ресей империясының ұлт аймақтарындағы аумақтық шептері айқындалып, әкімшілік және шекаралық мәселелерін реттеуге жағдай туғызды.

Осы келісімнен кейін Қытайдың бірнеше қаласында Ресей өз консулдықтарын ашты және Іле, Тарбағатай аймақтары мен Қашқар, Үрімжі қалаларында салық төленбейтін сауда жеңілдіктерін алды. Бекітілген келісімшарт мәтіндері 1881 жылы 19 тамызда алмасылды [17.16].

1882 жылы Петербург шартына сәйкес шамамен 70 мыңдай ұйғырлардың, дұңғандардың, қазақтардың Ресейдің билігін бейбіт түрде қабылдайды. Сол оқиғалар тұсында экономикалық тұрғыдан да, әскери тұрғыдан да анағұрлым күшті Ресей империясының шекара белгілеу кезінде талай жерде белден басып жібергені, тіпті шекараны Қытай жағына қарай 10-15 километрге дейін жылжытып қоюға дейін барғаны белгілі. Әсіресе, 1917-1922 жылдардағы азамат соғысы кезінде мемлекеттік шекара қараусыз қалып, шекаралық бағаналар жойылған. Мысалы, Мақаншы мен Алакөл маңайында 20 шекара белгісі құртылып, бұл кейіннен кеңес шекарашыларына Қытай аумағына біраз жерге дейін сұғына кіруге мүмкіндік берген. Панфилов ауданындағы Қорғас өзенінің бастауы жағында, Алакөл ауданындағы Сарышілде өзенінің тұсында шекара Қытай жеріне едәуір жылжытылып жіберілген. Осы және өзге де әр түрлі мәселелер болды. КСРО мен ҚХР - ның арақатынастарының шиеленісуіне байланысты бұл мәселеде бірінші орынға шығып отырды. «Таслас территориялар» мәселесі 1969 жылы пайда болды. Талас территориялар КСРО жағынан емес, ҚХР жағынан қойылып отырғанын атап өту керек, яғни, Қытай өзінің жан – жанындағы ұсақ мемлекеттерді жұта бастады. Бұл КСРО мен Қытайдың территориялық таластары болатын [18.98].

КСРО ыдырағаннан кейін шекара мәселесі Ресей мен Қытай Халық Республикасы және Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында жаңа қарқынға ие болды.

Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Сыртқы істер министрлігіне, басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволарға елдің бірлігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін шекаралас мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу үдерісін бастауды тапсырды. Өйткені, шекара мәселесін түпкілікті шешкенге дейін кез келген шекаралас мемлекеттің біздің елімізге аумақтық талап қою мүмкіндігі сақталатын еді.

1991 жылға дейін Қытаймен байланысты келіссөздерді кеңестік үкімет делегациясы жүргізіп келсе, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы» 1992 жылғы 17 шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен шекара мәселелері жөніндегі келіссөздерді егемен ел ретінде қолға алды. Қазақстан - Кытай арасыңдағы шекараны анықтау мәселесі 1992 жылы басталып 1998 жылы аяқталды. Бұл мәселе 1992 жылы ҚР премьер - министрі С. Терещенконың Қытайға сапары кезінде, 1994 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ли Пэнның Орта Азия мемлекеттеріне сапары барысында, 1996 жылы Цзян Цзяминнің, 1997 жылы Ли Пэннің Алматыға сапары кезінде, сол сияқгы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылы ақпаңдағы және М. Балғымбаевтың 1997 жылы мамырдағы Қытайға сапарыңда, сондай-ақ Цзян Цзяминнің 1997 жылы қыркүйектегі Алматы сапарларында талкылады. Осы кездесулердің нәтижесінде 1997 жылы 29 қыркүйекте «Қазақстан - Қытай» арасындағы шекара мөселесіне байланысты «қосымша келісімге» қол қойылды [19].

Қосымша келісім бойынша, Чогон-оба және Баймұрза аймағында ҚР Сауыр қыратының оңтүстік бөлігі Чоган-оба өтпеліне дейін, Жүрек және Чогон-оба, Керегенты өзендерінің бір бөлігі (жалпы ұзынд. 442 шаршы км.) Қытай-Адырбай және Талдыойрық өзендерінің жоғарғы ағысы, Баймырза өтпелінің Тарбағатай қыратының оңтүстік бөлігі (ұзынд. 187 шаршы км.), Сарышөлді аймағында Қазақстанға 95 шаршы км. жер Сарышөлді өзенінің сол жақ бөлігі, Шопақ өтпеліне дейінгі жер берілді. Қытайға — Сарышөлді өзенінің оң жақ бөлігі берілді. Жалпы ұзындығы 220 шаршы км. Сонымен талас бөліктердегі 944 шаршы км. жердің Қазақстан 537 шаршы км.(56,9 %), Қытай 407 шаршы км. (43,1 %) екі жақ заңдастырды [20.236].

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей - тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды, олар:

1. Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісім;

2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24 қыркүйектегі қосымша келісім;

3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4 шілдедегі қосымша келісім;

4. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 мамырдағы келісім;

5. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы 1999 жылғы 25 тамыздағы келісім.

Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан -Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4 - бабына сәйкес екі елдің Үкіметтерімен құрылған Қазақстан - Қытай бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді [21].

Демаркациялық жұмыстары алты жұмыс топтарымен 1996 жылғы шілдесінен бастап 2001 жылғы желтоқсанына дейін жүргізілді және 2002 жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды. Екі елдің арасындағы шекараларды делимитациялау туралы келіссөздер 1992 - 1998 жылдары өтіп, демаркация 2002 жылы толығымен аяқталды.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара мәселесі алғашында Қазақстан Ресейдің құрамында болған кезеңде елдің қауіпсіздігімен қатар, сауда мәселесін шешу және шекаралық жерлерді бекіту мақсатында жүргізілген. Шекараны анықтау айтарлықтай оңай шаруа емес. Анықтау барысында көзге көрінетін, сонымен қатар көзге көрінбейтін қателерде кетіп жатады. Сол кеткен қатаеліктерді түзету мақсатында және алдыңғы жасалған шарттардың қажеттілігіне қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған.



Бүгінгі таңда Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасының жалпы ұзақтығы 1783 км, оның ішінде құрлық щекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 566,89 км. Шекара сызығы 688 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 346 белгі Қазақстан тарапымен орнатылған. Қытаймен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде Қазақстан Қытай үкіметінің келісімімен 100 пайыз шекара аумағын тиянақтап алған жалғыз мемлекет болып табылады. Бүгінгі таңда екі елдің арасында «Қорғас» шекара кедені жұмыс істеуде. Қазақстан территориясы арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» ірі автомагистралі өтеді. Бұлда Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Қытаймен сауданы дамыту мен екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруды көздеген аса ауқымды жобаның жалпы құны – 385 млрд. теңгені құрайды. Қытай орталықтың өзіне тиесілі бөлігінің құрылысын аяқтаған. Ал Қазақстан тек 2018 ж. аяқтауды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы мәңгілік достықты өзара жалғастырып, дамытушы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Лещев Е.Н. Причины создания Семиреченсого казачьего войска // Военно – исторический журнал №11. – 2008. С.42-43.

  2. Прохоров А. К вопросу о китайско – советской границе. Москва, 2000. С. 420.

  3. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии// Казахастан- Спектр №1.- 2000. С.85.

  4. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  5. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  6. Ткаченко Б.И. Восточная граница между Россией и Китаем в договорах и соглашениях ХVII – XX веков. Владивосток: Изд-во Дальневосток, 1998. С. 360.

  7. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  8. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  9. Русско – китайские отнашение 1689 – 1916. Офицальные документы [сб.] / Сост. П.Е. Скачков и В.С. Мясников. М.: изд-во вост. лит-ры, 2005. С. 245.

  10. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  11. Галенович Ю.М. Россия и Китай в ХХ веке: граница. М.: Изограф, 2001. С. 430.

  12. Гордеев Н.В. Проблемы приграничного сотрудничества России и Китая: история и современность. Иркутск: Изд-во БГУЭП, 2003. С.580.

  13. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  14. Ткаченко Б.И. Россия – Китай: восточная граница в докментах и фактах. Владивосток: Уссури, 1999. С. 350.

  15. ЦГА РК Ф.21, оп.1, д. 51, л. 1-5, 46-48 об.

  16. Русско – китайские отнашение 1689 – 1916. Офицальные документы [сб.] / Сост. П.Е. Скачков и В.С. Мясников. М.: изд-во вост. лит-ры, 2005. С. 245.

  17. Плотников А.Ю. Формирование дальневосточной границы России в XVIII – первой половине ХХ вв. М., 2009. С. 340.

  18. Сафанов А.Ф. Униформа границы. История и современность. М,: НИЦ «Еврошкола», 2009. С. 340.

  19. http://www.mfa.kz/index.php/kz/aza-stanny-syrt-y-sayasaty/aza-stanny-yntyma-tasty-y/aziya-zh-ne-afrika-memleketterimen-atynastar/8-material-aza/66-aza-stan-respublikasy-men-ytaj-khaly-respublikasy-arasynda-y-atynastar

  20. Токаев К.К. Внешняя полигика Казахстана в условиях глобализации. Алматы - 2000. - С. 410.

  21. http://www.mfa.kz/index.php/kz/aza-stanny-syrt-y-sayasaty/aza-stan-syrt-y-sayasatyny-zekti-m-seleleri/memlekettik-shekarany-delimitatsiyalau-zh-ne-demarkatsiyalau

1. Leshchev E. N. The reasons of creation of Semirechensy Cossack army//Voyenno – the historical magazine No. 11. – 2008. Page 42-43.

2. Prokhorov A. To a question of Chinese – the Soviet border. Moscow, 2000. Page 420.

3. Syroyezhkin K. L. Relationship of China with the states of Central Asia//Kazakhastan-Range No. 1. - 2000. Page 85.

4. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

5. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

6. Tkachenko B. I. Eastern frontier between Russia and China in contracts and agreements of the XVII-XX centuries. Vladivostok: Publishing house Dalnevostok, 1998. Page 360.

7. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

8. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

9. Russko – Chinese the relation 1689 – 1916. Ofitsalny documents [сб.] / Сост. Item E. Jumps and V. S. Myasnikov. M.: publishing house вост. liters, 2005. Page 245.

10. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

11. Galenovich Yu. M. Russia and China in the XX century: border. M.: Isocolumns, 2001. Page 430.

12. Gordeev N. V. Problems of border cooperation of Russia and China: history and present. Irkutsk: BGUEP publishing house, 2003. Page 580.

13. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

14. Tkachenko B. I. Russia – China: eastern frontier in the dokmentakh and the facts. Vladivostok: Ussuri, 1999. Page 350.

15. TsGA RK F.21, op.1, 51, l. 1-5, 46-48 about.

16. Russko – Chinese the relation 1689 – 1916. Ofitsalny documents [сб.] / Сост. Item E. Jumps and V. S. Myasnikov. M.: publishing house вост. liters, 2005. Page 245.

17. A.YU. carpenters. Formation of the Far East border of Russia in XVIII – the first half of the 20th centuries of M., 2009. Page 340.

18. Safanov A. F. Border uniform. History and present. M: Research Center Evroshkola, 2009. Page 340.

19. http://www.mfa.kz/index.php/kz/aza-stanny-syrt-y-sayasaty/aza-stanny-yntyma-tasty-y/aziya-zh-ne-afrika-memleketterimen-atynastar/8-material-aza/66-aza-stan-respublikasy-men-ytaj-khaly-respublikasy-arasynda-y-atynastar

20. Tokayev K. K. External the polygeek of Kazakhstan in the conditions of globalization. Almaty - 2000. - Page 410.

21. http://www.mfa.kz/index.php/kz/aza-stanny-syrt-y-sayasaty/aza-stan-syrt-y-sayasatyny-zekti-m-seleleri/memlekettik-shekarany-delimitatsiyalau-zh-ne-demarkatsiyalau


Проблемы и итоги переговоров по формированию казахстанско-китайской границы


Резюме


В статье, рассмотриваются первые официальные пограничные переговоры между Китаем и Россией также о переговорах между Китаем и независимым Казахстаном. Приведена специфика состоявшихся пограничных переговоров на протяжении более 300 лет, с их кратким аналитическим анализом. Показаны преимущества и недостатки политического диалога каждой из заинтересованных сторон, рассмотрены ошибки допущенные в ходе переговоров.
Ключевые слова: Казахстан, Россия, Китай, соглашение, переговоры, граница, территория.

Problems and results of negotiations on formation of the Kazakhstan-Chinese border

Summary


In an article considered first official border talks between China and Russia are also on the negotiations between China and the independent Kazakhstan. For over 300 years, given the specificity of each of the border negotiations with the analytical analysis. The advantages and disadvantages of each negotiation and mistakes made during the negotiations.
Keywords: Kazakhstan, Russia, China, agreement, negotiations, border, territory.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет