Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры және Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ерлік, елдік, тәуелсіздік.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға батырлар жыры, көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тереңде екендігін, елдік дәстүріміз бен рухани бітіміміздің бастауы берік екендігін таныту, дәлелдеу. Ескерткіштің батырлар жырымен үндестігіне тоқталу
Дамытушылық: Жырларды талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау. Оларды өзіндік пікірін қалыптастыруға жетелеу.
Тәрбиелік: Жас жеткіншектерді елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Көне түркі алфавиті, араб, латын алфавиті, тірек-сызбалар, «Батырлар жыры», «Күлтегін ескерткіші», газет материалдары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасы сұралады. Ежелгі дәуір әдебиеті неше топқа жіктеледі?
«Күлтегін» ескерткішін алғаш рет тапқан кім?
Орхан-Енисей жазба ескерткіштерін оқудың «кілтін» тапқан кім?
«Күлтегін» жырының мазмұнын сұрай отырып, шығарманы, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырымен салыстырып, ондағы ортақтастықты, жырдың негізінде жатқан басты ойды айту арқылы жаңа сабаққа көшу
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі Түркі халықтары графикасы туралы.
Түркі тілдерінде, солардың ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап, әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы – Көне түркі жазуы немесе «Орхон-Енисей» жазуы. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі – көне ұйғыр жазуы. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған...
Түркі халықтары графикасының ХХ ғ. бас кезінен бері қарай өзгерістерін үш кезеңге бөлуге болады: Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп, қолдану кезеңі. (төте жазу)
Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі
Латыннан кирилл жазуына көшу. (орыс графикасы) Жырдағы негізгі мәселе – елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.
Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұраларының бірі – көне түркі жазба ескерткіштері. Бұл ұлы жәдігерліктер – біздің 1500 жылдық жазба мәдениетіміздің айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамырлары. Кезінде тасқа қашалып, теріге бедерленіп, киізге өрнектелген бұл ескерткіштерде ата-бабаларымыздың ертедегі білім-білігінің, ежелгі дүниетанымының қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған. Тасқа қашалған көне жәдігерліктердің ішінде бізге жеткендердің ең ірілері – Білге Қағанға, Күлтегінге, Тонықұққа қойылған құлпытастардағы жазулар. VI-VII ғ. тасқа қашап жазылған «Күлтегін» тарихи дастаны – біздің асыл мұрамыз.
Түріктердің, оның ішінде қазақтардың, ежелден намысқой халық екендігі: «Жаным – арымның садағасы» дейтін мақалынан да көрінеді. «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»-дейді. Осы дәстүр Күлтегін жырынан байқалады.
«Білге», «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің тақырыбы, көтерген мәселесі, кейіпкерді бейнелеуі – біздің батырлық жырларымызға өте жақын. Екеуінде де елдің елдің қамы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің дамылсыз жорықтары суреттеледі.
Елді, жерді сүю, Отан қорғау мәселесі – қай жырдың болмасын алтын арқауы. Батырлар жыры - елдің азаттыққа ұмтылған күрес жолының айбынды, адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын – бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлап, сол үшін жауға аттанған батырлар.
Иә, дүниеде тәуелсіздік, бостандықты аңсамайтын адам жоқ, халық та жоқ. Батырлар жырындағы азаттық, әділдік жолындағы батырлар күресі –әрқашан жеңіспен аяқталатыны сияқты, қазақ даласындағы 1916 жылғы жаппай көтерілістен, 70 жылдан кейін1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы демократиялық, ұлт-азаттық сипат алды. Ата-бабамыз армандаған Қазақстан тәуелсіздігі үшін, қазақ ұлтының гүлденуі үшін, оның тарихы мен мәдениетінің барынша өркен жаюына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызы зор болды.
Сабақты бекіту
Міндетті деңгейге арналған сұрақтар «Күлтегін» жырында еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді?
«Осы бір түркі елі ел болсын деп бастаған ісіміз еді» ... дегенді қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық деңгейге арналған сұрақ
Жаңа сабақты топтастыру жұмысы арқылы қорытындылаймыз (оқушылармен бірге)
Батырлар жыры
«Алпамыс батыр»
«Қобыланды батыр»
«Ер Тарғын» жырлары, т.б.
Көне түркі жазба ескерткіштері
«Күлтегін»
«Тоныкөк»
«Білге Қаған»
Ерлік, елдік және еркіндік пен тәуелсіздік
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
«Бүкіл түркі халқы үшін,
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым» - деген жыр жолдарын бүгінгі күнмен қалай байланыстырар едің? Ерлік, елдік туралы қандай мақал-мәтелдер, қанатты сөздер білесіңдер? Тапсырма беру арқылы қорытындылау, жинақтау жұмыстары. Оқушыларға Венн диаграммасы ұсынылады.
Батырлар жыры
1.Авторы белгісіз
2. Көп нұсқалы
3. Ауызша тараған
4. Халық ауыз әдебиеті
Екеуінде де «Күлтегін» жыры
бір тақырып. 1. Авторы бар
Екі жырда да 2. Тасқа қашап жазылған
ел тәуелсіздігі 3. Көп нұсқалы емес
жырланады. 4. Ежелгі дәуір әдебиеті
Бас кейіпкерлерді
өз халқын шын
сүйген, елі үшін
еңіреп өткен ерлер.
2) «Ат – батырдың сенімді серігі», (Салыстыру жұмысын жүргізу)
Қобыланды
Алпамыс
Ер Тарғын
Күлтегін
Тайбурыл
Байшұбар
Тарлан
Боз ат
Торы ат
Кер ат Алып шалшы боз ат
Қарагер
Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланып, белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма беру. «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына шығарма жазу