Байланысты: Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Әдістеме барысы: Әдістеме келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.
«Балалар алдарыңдағы, фигураларды ұнату ретімен алдарыңызға тізіп қойыңыздар.
Балалардың психогеометриялық типтерінің мінездемесі.
Балалардың көпшілігі ирек сызықты қалаған. Бұл фигура креативтілікті, шығармашылықты, интуитивтілікті, интегративтілікті, мозайкалылықты, бейнелілікті білдіреді. Ойлаудағы үстемдік еткен синтетикалық стиль болып табылады. Иректі ұнатқандарға түрлі идеяларды тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән болады. Мұндай ойлау түрі иректі ұнатқандарға тұтас, үйлесімді бейнелер мен тұжырымдар құрастыруға мүмкіндік береді.
Иректі ұнатқандар - креативтілік символы шеңбер топты тұрақты етіп біріктіреді. Бұл балалар өте жақсы коммуникаторлар, өте жоғары сезімталдықпен, жетілген эмпатиямен ерекшеленіп, дараланады. Шеңбер де ирек сызық сияқты «оң жақ жарты шар» ойшылдары. «Оң жақ жартышар» ойлауы - өте бейнелі, интуитивті, эмоционалды боялған, талдағыштан гөрі интегративті болып табылады.
Линейлі формаларды (төртбұрыш, үшбұрыш, тік төртбұрыш) аз балалар таңдаған. Бұл психогеометриялық типтер талдағыштық «сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.
Әдістеме атауы: Ньюттеннің мазасыздануды және қажеттіліктерді зерттеу әдістемесі [17].
Әдістеме мақсаты: Оқушылардың мазасыздануы мен қажеттіліктерін зерттеу және тұлғааралық және оқу іс-әрекетіндегі мазасыздануды анықтау.
Әдістеме атауы: Дарынды балалардың танымдық белсенділіктеріне зерттеу әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: Дарынды балалар, олардың ата-аналарымен спонтанды әңгімелесу арқылы оның танымдық белсенділіктерін анықтау.