1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістеріне мысал келтіре отырып, талдау жасау



бет35/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

9. Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістеріне мысал келтіре отырып, талдау жасау
Сұрау әдісі — сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау — анкета деп аталады.
Заттық мазмұнына қарай сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады:
- деректер жайлы сұрақтар
- білімі туралы сұрақтар
- пікір жайлы сұрақтар
- себеп жайлы сұрақтар
- логикалық сұрақтар
- елек сұрақтар
- бақылау сұрақтары
- контактылық сұрақтар
- аралық (буферлік) сұрақ
Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек. Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.
Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Яғни, әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену;
• мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
• құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.
• ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет