Мұқаба
Мұқабада келесі мәліметтер келтіріледі:
- диплом жұмысы (жобасы) орындалған ұйымның атауы, - студенттің аты-жөні,
- диплом жұмысы (жобасы) тақырыбының атауы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жобасы),
- мамандық шифры мен атауы,
- қала, жыл (Ж1-қосымша).
Біріншібеті(Ж2,Ж3-қосымша);
Бірінші бет
Бірінші бет жұмыстың бірінші беті болып саналады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажет ақпарат көзі болып пайдаланылады.
Бірінші бетте келесі мәліметтер келтіріледі:
- диплом жұмысы (жобасы) орындалған ұйымның атауы,
- диплом жұмысы (жобасы) орындалған кафедраның атауы,
- кафедра меңгерушісінің бекітетін қолы,
- жұмыс түрі - диплом жұмысы (жобасы),
- «тақырып» көрсетілген диплом жұмысы (жобасы) тақырыбының
атауы,
- мамандықтың шифры мен атауы,
- сол жақта - «орындады» сөзі, оң жақта - оған қарсы жақта студенттің
аты-жөні көрсетіледі,
- бір жол төмен «ғылыми жетекші» және жетекшінің аты-жөні, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы, өзге де регалдары жазылады, - қала, жыл.
Бірінші бет диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. Бірінші беттегі беттің нөмірі қойылмайды.
Диплом жұмысын (жобасын) орындау бойынша тапсырма (Г
қосымша);
Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма бастапқы материал мен дерек көздерінің сипаттамасынан, студент әзірлейтін сұрақтар тізбесінен, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, графикалық материал тізбесінен, диплом жұмысын (жобасын) жазудың толық күнтізбесінен тұрады. Диплом жұмысына (жобасына) тапсырманы жұмысты аяқтау мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма, нөмірлеусіз бірінші беттен кейін диплом жұмысына (жобасына) тігіледі.
Мазмұны(Дқосымша);
Диплом жұмысының (жобасының) мазмұнына Кіріспе, реттік нөмірлер мен барлық бөлімдердің, бөлім ішіндегі шағын бөлімдердің атауы, Қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және диплом жұмысының (жобасының) осы элементтері басталатын, беттер нөмірлері көрсетілген қосымшалар атауы кіреді.
Кіріспе;
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты ашып көрсетіледі және диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады, жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері (жинақталған түрде: тиісті заңнамалық актілер мен
нормативтік құжаттар, оқу әдебиеті, монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдардың материалдары және тағы басқалар), зерттеу объектісі (жұмыс соның материалдарында орындалған ұйымдардың атауы), аталмыш зерттеу объектісіне сипаттама беріледі, қысқаша (кестеде немесе мәтін бойынша), егер бұл мүмкін болса, қызметтің негізгі көрсеткіштері (жұмыста осы сұраққа арналған, арнайы тарау немесе жекелген параграфтың болмауы кезінде) беріледі.
Негізгібөлім;
Бірінші тарау. Зерделейтін пәннің (тақырыптың) нормативтік- құқықтық базасы, ұғымы мен мәні және осы пәннің сыныптама мәселелері қарастырылады; зерттелетін мәселенің нақты міндеттері көрсетіледі.
Екінші тарау. Екінші және үшінші тарау диплом жұмысының негізгі тараулары болып саналады.
Екінші тарауда зерттелетін пән (тақырып) бойынша қолданыстағы ережелер ашып көрсетіледі, яғни тиісті мәселелер мазмұны жалпы теориялық ережелер мен нақты ұйымдардың материалы тұрғысынан баяндалады. Егер ол «Кіріспе» бөлімінде берілмесе, онда зерттеу объектісі ұйымдарына ұйымдық-экономикалық сипаттама беріледі.
Үшінші тарау. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты, бұл тараудың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, теория мен практика
тұрғысынан, онда өзге мәселелер (екінші тарауда қарастырылмаған) зерттелуі мүмкін.
Қорытынды
Қорытындыда тиісінше зерттеу нәтижесінде жасалған және енгізілген теориялық және практикалық қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің (зерттемелердің) мазмұны, маңыздылығы, негізділігі және тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық болуы
тиіс.
Қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға, жұмыстардың
жекелеген тарауларының параграфтарында олардың қалай ашылғандығына қатысты болатын, екі нұсқаның (тәсілдеменің) бірін пайдалануға кеңес беріледі.
Қосымша;
Қосымшаға, негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.
Диплом жұмысында (жобасында) қабылдаған шешім үшін, барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін жауапкершілікті студент - диплом жұмысының (жобасының) авторы көтереді.