1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Осы мақсатта «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні жүргізілуде



бет2/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

Осы мақсатта «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні жүргізілуде.
Курстың мақсаты: Студенттерді зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылығын қалыптастыру. Педагогикалық зерттеу жұмыстарының әдістерін, орындалу жолдарын, заңдылықтарын меңгерту.
3. Ғылым, ғылымтану, таным ұғымдары
Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Ғылым ерекше әлеуметтік инстиут және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.
«Ғылым – объективті ақиқатқа жету, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы». Қысқаша педагогикалық сөздікте «Ғылым – адамның әрекет аймағы, ақиқат туралы объективті шындықты теориялық жүйелеу және өңдеу, қоғамдық сананың формасы».
Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеулер саласы. Ғылымтану – ғылымның дамуын, ғыл. білімнің жетілуін, ғыл. қызметтің құрылымы
мен ауқымын, олардың қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет салаларымен, сондай-ақ әлеумметтік институтармен өзара байланысын зерттейтін пән.
Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
4. Ғылымдар классификациясы
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды төмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, ойлы-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым өзінің зерттейтін объектісін ұғым мен ой формаларында бейнелеп, белгілі заңдылықтарды, ережелерді, теорияларды, шарттарын, принциптерін, әдістемесін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасының болуына байланысты ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет