19. Библиографиялық картаны құрастыру 20. Диплом жұмысы ғылыми аппаратының алгоритмін құрастыру Дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезендерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жүмыстың жоспарын белгілейді.
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:
1) сыртқы беті;
2) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;
3) мазмұны;
4) кіріспе;
5) негізгі бөлім;
6) қорытынды;
7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
8) қосымшалар;
9) графикалық материалдар.
Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жүмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған.
21. Әдістемелік журналдардағы мақалаларды рәсімдеудің сызбасын құрастыру