26.Бастауыш сыныпта АКТ пәні бойынша нормативтік құжаттарын к-рсет3п жазыныз «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Сонымен,ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан терең білімділікті, оқу үрдісін шеберлікпен ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай сабақ материалдары әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың зерделеуіне,олардың білімін арттыруға мүмкіндік береді.Қазіргі адамның өмірі ақпараттық технологиялардың қарыштап жетілуімен және жаппай таралуымен тығыз байланысты, бұл адам іс-әрекетінің көптеген сфераларын қамтып, гуманитарлық, атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық пәндер сферасына да кеңінен еніп келеді.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Бұған дейін білім алушыларға үшінші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылған болса, үшінші тоқсанда оқу бағдарламасына алғаш рет «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы№ 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді .
Бұл оқулықтың атауы өзгертілгенімен, пән мазмұны мен оқу жұмысы жүктемесі өзгертілмеген. Пән 15 тақырыптан тұрады. Тақырыптарда компьютермен танысу, интернеттегі қауіпсіздік, алгоритмдер мен бағдарламалау негіздері, робот техникасы, сондай-ақ анимациялық бағдарлама, глоссарий да қамтылған.
Қазіргі кезде цифрлық технология енгізу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде елімізде 3D принтер, онлайн — сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамып келеді.