1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Бастауыш сыныптарда АКТ оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формалары жүйесіне сипаттамасын жазыныз



бет56/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

13.Бастауыш сыныптарда АКТ оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формалары жүйесіне сипаттамасын жазыныз
АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесіне тоқталар болсам. Үй тапсырмасын тексеру үшін алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындаймын. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектілерді кірістіремін. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
· Жеке шығармашылық тапсырмалар
· Блок-сызбалар, кестелер
· Тірек-сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары
· Ойын арқылы оқыту
· Сөзжұмбақ, ребустар
· Тестілеу және бақылау.
Өз тәжірибемнен алатын болсам, 3-сыныпта «Компьютердің құрылғылары» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды АКТ көмегімен көркем әрі ықшам етіп көрсетуге мүмкіндік алдым.
Жаңа сабақты түсіндіруде Power Point презентациясы көмегімен беруге болады. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғары көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызығушылық тудырады. Видео-сабақтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді.
Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа бағдарламаларды өздігігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екендігін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ-ны пайдалануды барлық әдістермен ықпалдастыруға болады.Компьютерлік бағдарламалар арқылы əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі, сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі ұстазға жүктелетін міндет. Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызыңушылығы басым. Сабаққа алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді.
Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
-Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
-Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
-Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
-Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
-Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
-Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
-Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық –коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция коммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет