7.Программалаутехнология туралы жазыныз Программалау технологиясы, бұл- программалық жабдықтарды жасау процесінде қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Электрондық-есептеуіш машиналар алғаш қолданыла бастаған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін оларға арналған программалар жазу негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Программалық жабдықтың өмірлік циклы деп, оны құру туралы идея пайда болған кезден бастап, оны жасаған фирманың программалық жабдықты әрі қарай қолдап жетілдіруі тоқтатылғанға дейінгі уақытты айтады.
Программалау технологиясы – бұл программаларды өңдеу (жазу) құралдар мен әдістерінің жиынтығы және осы әдістер мен құралдарды пайдалану тәртібі. Программалар машиналық командалар тізбегі түрінде жазылған кезде, яғни программалаудың бастапқы даму кезеңінде қандай-да бір программалау технологиясы болмаған. Программалау технологиясын өңдеудің бірінші қадамы операторлар тізбегі түрінде болды.
Программалау технологиясы деп программалық жабдықтамаларды жасау процесінде пайдаланылатын құралдар мен тəсілдер жиынын айтады. Кез келген басқа технологиялар сияқты
программалау технологиясы да төмендегі мүмкін дік терді қамтитын технологиялық нұсқаулардан тұрады:
- технологиялық операцияларды орындау тізбегін көрсету;
- кез келген операцияда орындала алатын шарттарды нақтылау;
- əрбір операцияны олардың əрқайсысы үшін анықталған бастапқы мəліметтер, нəтижелер жəне де нұсқаулар, нормативтер,
стандарттар, бағалау критерийлері мен əдістері, т.б. арқылы сипаттау.
Технология, операциялар мен олардың тізбегінен бөлек, жобаланатын жүйе нің сипаттамасын, яғни оның жасалатын нақты
кезеңінде пайдаланылатын моделін сипаттау тəсілін анық тайды. Технологиялар көбінесе мынадай екі түрге бөлініп қарас тырылады:
1) программа жасау процесінің нақты кезеңдерінде пайдаланылатын технология немесе осы кезеңдердегі жеке есептерді
шығару;
2) бірнеше кезеңдерді біріктіретін немесе барлық кезеңдерді
толық қамтитын технология.
Алғашқы технология негізінде көбінесе нақты есепті шығара
алатын шек теу лі түрде қолданылатын тəсіл жатады. Ал екіншісінің
негізі ретінде прог рамма жасаудың əртүрлі кезеңдерінде пайдаланылатын тəсілдер жиынын анық тайтын базалық тəсіл, яғни
ортақ көзқарас (парадигма) немесе əдіснама (методология) қарастырылады.
Программалаудың даму тарихында бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше парадигмалық сатылардың болғаны туралы
айтылады.