Мультимедиалық технологияны пайдаланудың төмендегідей ерекшеліктерін атап өткен жөн.
Біріншіден, білім сапасы артады:
- оқытуды жекешелендіру есебінен әрбір оқушыға оның қаблеті мен білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріледі;
- оқытудың әрбір кезеңінде әрбір оқушының білімі, біліктілігі, дағдысы есепке алынады;
- оқытудың әрбір кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктері танылады;
Екіншіден, оқытуға бөлінетін уақыт қысқарды:
- техникалық операцияларға кететін уақыт үнемделеді;
- дұрыс жауаптар лезде есепке алынады.
Қорыта келе айтарымыз, оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың мультимедиалық технологиясын пайдаланудың маңызы зор.
Үшінші мың жылдыққа ақпараттарды сақтаудың жаңа формалары да ене бастады: электрондық құжат, веб-сайт, веб-беттер, компакт-диск, аудио, видеокассеталар және т.б.
23.Кіріктірілген сабақтардың Мақсаты
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалім білім берудің жаңа жолдарын қарастыру керек. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпарат тандырылған жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Соның бірі кіріктірілген сабақтар жүргізу. Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақ – бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандай да бір тақырыптың оқытылуы.
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |