19.Білім беру жүйесін ақпараттық технологияларды пайдалану негізгі бағытарын түсіндірңіз Қазіргі уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда ақпараттық- технологияны қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:
– ақпараттық технологияны оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті арттыру, әртүрлі нысан мен үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;
– оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;
– әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен программалық әдістемелік кешендерін жасақтау;
– ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;
– білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;
– білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кәсіби қолдануға баулу (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);
– психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану.
Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды жүзеге асыруда оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық технология құралдарының алатын орны ерекше.
20.Ақпартық мәдениеттің қалыптасу кезендерін келтірініз Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл — әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау , алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе білім саласын зерттеуге қолайлы, мысалы оқу бағдарламасына байланысты әр түрлі сайттарын пайдалану. Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін туындатты.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды:
• Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарда қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы әлементтері қалыптасады.
• Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың информатикадан жалпы білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдістәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тиімді және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
• Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты мектептегі барлық оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық
технологияның әдістері мен тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.