10.АКТ пәнінің пәнаралық байланыстарын жазыныз АКТ пәнін оқыту әдістемесі барысында ұғым, түсініктерді оқушыларға меңгерту үшін бастауыш мектеп жас кезеңінің ерекшелігін ескеру қажеттілігі айқындалады. Ұсынылатын ұғымдар оқушының жас ерекшеліктеріне сай, олардың зейіні мен қабылдауы, есте сақтауы мен түйсінуіне қарай іріктеліп алынуы тиіс екендігі айтылады. Демек, бұл пән психология ғылымымен тығыз байланысты
АКТ пәнін оқыту әдістемесі информатика ғылымымен байланысты. Себебі бастауыш сынып оқушылары информатика ғылымының ұғымдарымен таныстырылады, мысалы: ғаламтор, желі, жүйе, компьютерлік құрылғылар, программалық қамтамасыз ету, модельдеу. Яғни бұл пән компьютерлік ұғымдарды қалай меңгерту жолын қарастырады, түсіндірудің әдіс-тәсілдерін ұсынады.
11.Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелері туралы жазыныз ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын.
Алғашқы электронды есептеуші машиналары (ЭЕМ) біздің елде XX ғасырдың 50-жылдың басында пайда болды. Олармен қатар адам қызметінің жаңа саласы - ЭЕМ үшін бағдарламалау қарқынды дами бастады. Осылайша, алғашқы ЭЕМ ғылыми - зерттеу мекемелері мен ірі ЖОО-ның орталықтарында пайда болғаннан кейін, аса қызығушылық танытқан мамандар мен оқушылар ЭЕМ арналған бағдарламалаудың бастамаларын оқуға ниеттенген шәкірттер тобын құрды. Мысалы, алғашқы мектептік информатиканы енгізуді ұйымдастырушы, КСРО Ғылым Академиясының академигі А. П. Ершов (1931-1988) Академиялық қалашыққа тиісті есептеуіш техникасының базасында Новосибирскінің бір қатар мектептерінде осындай топтарға жетекшілік етті.
Орта мектеп оқушыларға бағытталған бағдарламалау курсы бойынша алғашқы ресми оқу бағдарламаларын жасауға 1960 жылдың басындағы орта білім беру базасындағы есептеуіш - бағдарламалаушылардың кәсіптік даярлығын қарастыратын математикалық мамандандырылған мектептердің ашылуы себепші болды. Мысалы: Мәскеудегі Первомай ауданының №425 мектебінің есептеуіш - бағдарламалаушы сыныптары, мұнда кешендік автоматизациялаудың ғылыми - зерттеу орталық институты бірлесіп жетекші кәсіпорын ролін атқарады. Мамандандырылған мектеп желілердің дамуы бағдарламалау саласына игі әсерін тигізді - оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған мақалалар мен әдістемелік әзірлемелері жарияланды. Бұл жылдары А. Л. Брудно, С. И. Шварцбурдтің математикалық мамандандырылған мектептерге арналған арнаулы оқулықтар, материалдар жоғарғы әдістемелік деңгейде жазылып, кеңінен таратылды. 1966 жылдан бастап оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту және білімдерін тереңдету мақсатында оқу жұмысының жаңа формасы ретінде «Бағдарламалау», «Есептеуіш математика» және «Векторлық кеңістіктер және сызықты бағдарламалау» факультативтік курстары бір қатар орта білім беру мектептеріне енгізілді. Мұндай арнаулы факультативтік курстар аясында ЭЕМ және кибернетикаға арналған бағдарламалау элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерін әзірлеумен байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И. Н. Антипов, В. М. Моназов, В. С. Леднев, А. А. Кузнецов, В. Н. Касаткин және М. П. Лапчиктің еңбектерінен өз шешімін тапты.
1970 жылдың басында мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелерінің дамуы аясында мектептің жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіш техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстарында оқыту қолға алынып, аз уақыт ішінде бүкіл елде қалалық, аудандық мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелердегі есептеуіш техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстары ашыла бастады.
1960 - 1970 жылдар микропроцессорларды өндіру игерілгенен кейін ЭЕМ парк құрылымын түпкілікті өзгеріске әкелді. Отандық есептеуіш техника дамуының жаңа кезеңі мектепке ЭЕМ және бағдарламалау негіздерін енгізу мәселесі бойынша көптеген зерттеулердің жүргізілуіне себепкер болды.