1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Ақпараттық модельдеудің негіздерін жазыныз



бет29/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

13.Ақпараттық модельдеудің негіздерін жазыныз
Модель – нақты нысанды , құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп
түсіндіру.Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстырады зерттеу үшін
модель құру. Ақпараттық модель – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен
күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс
болып табылады. ақпараттық модельдер модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.
Ақпараттық модель былай жіктеледі:

  • Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).

  • Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы)

Ақпараттық моделъ (Информационная моделъ;)
— 1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өңцеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;
2) мәліметтер базасында тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау. Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда
түсінеміз. Мысалы, квадраттың тендеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық тендеу формуласы болып қала береді.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Ақпараттық модельдеу технологиялары-бұл объектілерді немесе жүйелерді ақпараттық түрде сипаттайтын модельдерді құру және пайдалану процесі. Ақпараттық модельдеу технологиясының артықшылықтары.Ақпараттық модельдеу технологиялары жүйелерді жобалау мен басқарудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда көптеген артықшылықтарға ие. Олар дәлірек және сенімді модельдер жасауға мүмкіндік береді, жүйелерді әзірлеу және сынау шығындарын азайтады және процестерді басқару мен бақылаудың тиімділігін арттырады.Сонымен қатар, ақпараттық модельдеу технологиялары әртүрлі салалардағы мамандарды оқыту мен оқытудың сапасын жақсартуға көмектесетін виртуалды жаттығу алаңдарын құру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ақпараттық модельдеу технологияларының болашағы.Жасанды интеллект және машиналық оқыту сияқты жаңа технологиялар мен құралдардың пайда болуының арқасында ақпараттық модельдеу технологиялары болашақта дамып, жетілдіріле береді.Бұл медицина, экология және ғарыштық инженерияны қоса алғанда, одан да дәл және сенімді модельдерді жасауға, сондай-ақ олардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет