1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Математика пәнімен АКТ-ының байланысының жазыныз



бет28/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

12.Математика пәнімен АКТ-ының байланысының жазыныз
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді. Математика сабағында білімді тереңдете меңгерту мақсатында бейнероликтерді де қолдану кең үрдіс алып отыр. Сондықтан өз сабақтарымда сергіту сәтінде немесе оқушыларға математика сабағы не үшін керек деген сұрақтарына жауап алу мақсатында Интернеттен алынған бейнероликтер арқылы өз ойларын қалыптастыруға жол ашып отырдым. Мысал ретінде айтсам, табиғат мен ғылым деген бейнролик көрсету арқылы оқушылар осы қоршаған ортамыз мен ғылымның тығыз байланысып жатқаны анық көрсетіліп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды.Жаңа сабақты игеру барысында қолданған тағы бір АКТ құралдарының бірі гипермәтіндік технологиялар. Атап айтсақ, bilimland.kz сайтындағы Интернет ресурстар. Бұл сайттағы барлық материалдар bilimmediagroup компаниясының көмегімен дайындалып, жинақталған оқушылар мен мұғалімдерге арналған портал. Осы сайттың математика бөліміндегі ресуртарды сабағымда тиімді пайдаландым. Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді).
Сабақ барысында MyTest бағдарламасында тесттік сұрақтарды алдын ала жауаптарымен дайындап алып, оқушыларға тест сұрақтарына жауап беруге ұсындым. Тест жауабын мұғалім өзі тексеріп жауабын айтқаннан осы бағдарлама арқылы жауаптарын тексеру біріншіден уақыт бойынша үнемдеу болды. Екіншіден, оқушылар келесі сабақтарда да осы бағдарлама арқылы тест тапсырмаларын орындауға деген сұраныстары арта түсті.
Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
-математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
-компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
-оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
-оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін қалыптастыру;
-білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
-жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет