4.Білім берудегі мультимедиялық әдістерді жазыныз Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүейсінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады.
Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдарыдеп әртүрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимцияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютер мен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталады: Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру
Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар қолданылады
Мультимедиалық білім берудегі артықшылықтар білім мазмұнын құрылымдау технологиялары мен
әдістерін жетілдіру дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу қосымша мотивациялық тіректерді пайдалану және оқытуды дараландыру арқылы білім беру тиімділігін арттыру оқыту үдерісінде өзара қарым-қатынастың жаңаша формаларын ұйымдастыру мұғалім мен оқушының, студент пен оқытушының іс-әрекеттер сипатын өзгерту және білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру
Кемшіліктері
ұсынылған ақпараттың шектен тыс әртүрлі типте берілуі (кескін, дыбыс, бейнемәлімет, анимация)
студент пен оқушының негізгі мәліметті қабылдауына кері әсер етуі мүмкін оқушының, студенттің экспериментті өз қолдарымен жасап көру мүмкіндігінің болмауы оқытуды дараландыру оқытушы мен студенттің, мұғалім мен оқушының бір-бірімен диалогты қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді.