1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Мектепте АКТ-ның оқыту мақсаты мен міндеті туралы жазыныз



бет4/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

5.Мектепте АКТ-ның оқыту мақсаты мен міндеті туралы жазыныз
Мектепте бұл Пәнді оқытудың мақсаты – оқушыларды оқуда және күнделікті өмірде АКТ бойынша алған білімдерін тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялар негізгі біліммен жұмыс жасау дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. Пәнді оқытуда оқушы нені үйренеді? деген сұраққа жауап іздеп көрелік:
1. Компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын орны, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және әртүрлі формуларды жіберу дағдыларын қалыптастыру.
2. Әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, оқушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру.
3. Бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау.
4. Оқушыларға авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.
5. Оқушыларға АКТ-ны пайдалануда қажетті жерде ғана орынды пайдалана білу, қауіпсіздікережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет.
6.«АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді жазыныз
«АКТ» пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері:

  • Топпен жұмыс (үш, төрт оқушы), мұнда оқушылар жалпы жобаны жүзеге асырады. «АКТ» пәнінде бірлесіп жұмыс жасаудың алатын орны маңызды, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен білімдеріне сәйкес жалпы жобаға өз үлестерін қосады.

  • Абстракция негізінде модельдеу, міндеттерді шешу. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңызды саласының бірі, сондықтан оқушылардың оқу үрдісі бір қатар тәсілдер негізінде жүргізіледі, оларға физикалық, графикалық және математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.

  • Қосымша программалардың бірінде істеген дағдыларын екінші ұқсас программалық қосымшаларда пайдалана отырып, іске асырған оқушыларды марапаттау, мысалы, импортталған объектілерді редакциялау.

  • Шығармашылық ойлауды және интерпретацияны талап ететін ашық тапсырмалар.

  • Басқа білім салаларымен кіріктірілген міндеттерді шешу үшін «АКТ» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
қабілеттерін белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға, мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі.
Іс-әрекет тәсілі – оқытуды оқушылардың барынша дербес танымдық іс-
әрекеттерінің негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыратын атқарушы әрекетіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыру
барысында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде ықпалдасуын көздейді. Оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні жою, диалогтік қарым-қатынасты орнату, тұлғалық, шығармашылық қабілеттердің айқындалуына, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу, т.б. білім беру мақсаттарын шешеді.
Құзыреттілікті дамыту тәсілі – оқушылардың білім мен біліктерді жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді
Кіріктіру тәсілі – «АКТ» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді.
Жүйелілік тәсілі – «АКТ» пәні бойынша курс бөлімдерін өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет