13.Информатика ғылымын зерттеу объектісі жазыныз «Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. “Информатика” пәнiн зерттеу объектiлерi:
ü ақпарат;
ü ақпараттық ресурстар;
ü ақпараттық үрдiстер;
ü ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар
Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрленіде қолданылуы, яғни өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда, саудада, қоршаған ортаны қорғауда, медицинада және т.б. Ол нақты ақпараттық процестердің (технологиялардың) барлық көптеген түрлеріне тән ортақ мәселелердi зерттейдi.
Ақпараттық процестер мен технологиялар информатиканың объектісi болып табылады
қпараттық технологиялар (IT) - бұл ақпараттық ресурстарды пайдалану процестерінің күрделілігін төмендету мақсатында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің жиынтығы.
Технология - материалдық және рухани құндылықтарды құру және пайдалану процесінде алынған білімді жүзеге асыру. «Ақпараттық технологиялар» термині жақында таралды және компьютерлік технологияның, телекоммуникацияның, информатиканың техникалық мүмкіндіктерінің үйлесімділігі нәтижесінде ақпаратты жинауға, жинақтауға, талдауға, қашықтық пен көлемге қарамастан тұтынушыларға жеткізуге және күнделікті операцияларды автоматтандыруға бағытталған ақпаратты өңдеу әдістерін қамтиды. шешім қабылдау үшін талдамалық ақпаратты дайындау.