1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Бастауыш сыныпта АКТ қосымша курсының мазмұнын ашып жазыныз



бет11/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

15.Бастауыш сыныпта АКТ қосымша курсының мазмұнын ашып жазыныз
Мектептегі информация курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:
1. Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информация – алгоритм - ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
2. «Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
ü оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
ü оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
ü оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:
ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.
“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.
Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет