9.Бастауыш сыныпта заманауи мобильдік құрылғылар қолдану ережелерін жазыныз Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).
Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасымалдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.
Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интернетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.
Электронды кітаптар сипаты бойынша планшеттерге ұқсайды, алайда олардың мүмкіндіктері планшеттегідей көп емес. Олардың негізгі міндеті – кітаптар мен электронды файлдарды оқу. Бұл мобильді құрылғылар E-ink матрицасына негізделген. Ол өзінің қасиеттері бойынша кәдімгі қағазға ұқсайды, яғни экранда жарық жоқ, оны көз қарапайым қағаз парағыретінде қабылдайды. Электронды кітаптардың автономды жұмыс істеу уақыты 3 күннен 10 күнге дейін. Одан әрі 1 күннен 3 күнге дейін автономды жұмыс істейтін смартфондар жүреді, ал планшеттер жүктеме қарқындылығына байланысты 10 сағаттан артық жұмыс істемейді.
Мектепте ұялы телефонды қолдану шарттары:
3.1. Мектеп ғимаратында ұялы телефонды міндетті түрде дыбыссыз режимге қою қажет.
3.2. Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, сөмкеге салып қою қажет.
3.3. Телефонның бүтін болуына, жоғалмауына тек қана иесі жауапты ( ата-анасы, заңды тұлғалар).
4. Пайдаланушылар құқығы
4.1. Пайдаланушылар сабақтан тыс уақытта байланыс құралы ретінде пайдалана алады:
4.2. Қоңырау шалу, хабарлама жіберу.
4.3. Ойнау.
4.4. Ақпарат алмасу.
Компютерде жұмыс істеу ережесі: ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
Кез келген мобильді құрылғы – бір-бірімен өзара байланысқан және тұтас алғанда құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін көптеген функционалдық аяқталған модульдерден тұратын, күрделі техникалық құрылғы. Бір ғана модуль істен шықса – құрылғының ішкі ақаулығына әкеліп соғады.
1.Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу. Неліктен? Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және адам ағасына тез тарайтын көрінеді.
2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу. Себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды. Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеп соқтырады.
3.Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.
4.Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу. 2-ші пункте айтып өткендей құлаққа зияны көп.
5.Ұйықтаған кезде 1,5 не 2м алыс жерге қою керек. Электромагниттік толқындарының әсер күшті болғандықтан, ұйқының бұзылуы мүмкін.
6.Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз. Қазіргі уақытта жаңалықтардан талай жағдайларды көріп жатырмыз. Алдыңғы қатардағы, сәнді деген телефондарымыз адамға зияның тигізуде.
7.Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлесу. Бұл телефонмен тікелей сөйлескенге қарағанда электромагниттік толқындардың аз таралуына бірден бір көмекші. Бірақта құлаққапты көп қолдануда зиян.
8.Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер етуі.
9.Телефонды белде, кеудеге ұстауға әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянды.
10.Мүмкіндігінше балаларға телефонды қолдандырмаған жөн.