4.Компьютерлік сабақ туралы жазыныз Компьютерлік сабақтардың түрлері
1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
2. Компьютерде өтілетін сабақ
3. Интернетпен етілетін сабақ
Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді.
Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:
Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:
Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады.
Компьютерде етілетін сабақ
Сабақты не оның бір бөлігін оқушылардың тікелей компьютерлерде жұмыс істеуі арқылы өткізуге болады. Әрине, бұл сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай қажеттіліктен туындауы тиіс.
Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет.
Мұндай сабақтарда мұғалімнің компьютерлік техника мен программаларды, локал желіні немесе интернетті дұрыс басқарып, сабақты техникалық жағынан дұрыс ұйымдасты-ру ролі өте маңызды. Оқушылардың ешбір техникалық кедергісіз үздіксіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап, мұғалім непзінен бақылаушы, көмекші ретінде іс-әрекет жасауы тиіс. Оқушылар еркін оқып, еркін қимылдауra мүмкіндік алып, дербестікке, өздігінен ойлау мен іс-әрекет жасауға дағдыланады. Компьютерлік сабақтарды осы айрықша пайдалы мүмкіндігі үшін өте ұнатамын. Өйткені біздің оқушыларда осы айтылған дербестік өзінше ойлау, өздігінен шешім қабылдап, өзінше іс-қимыл жасау әсіресе темен дәрежеде. Ал бұл қасиет жеке тұлға болып қалыптасудың ең алғы шарты және қазіргі заманға сай білім парадигмасының өзі дербес тұлға тәрбиелеуге бағытталған.