1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


-деңгей 1. Электронды оқулықтар және ара қашықтық курстар туралы жазыныз



бет47/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

3-деңгей
1. Электронды оқулықтар және ара қашықтық курстар туралы жазыныз
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Электрондық оқулықтарды, жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу, оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге, белсенділіктері, ынталары артуына көмектеседі, білім сапалары тереңдейді. Электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп өз бетімен практикалық тапсырмалар орындай отырып, мәселені түсінеді. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану оқушыға:
• Уақытты үнемдеуге, оқулық материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
• Оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;
• Түсінбеген материалды шексіз қайталауға;
• өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін - өзі тексеруге;
• өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.
Электронды оқулықты пайдаланудың мақсаты: білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Қашықтықтан білім беру дегеніміз – оқытушы мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы. Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көз жеткізеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
- оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды;
- дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттырады;
- ойлау қабілетін дамытады.
Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен CD-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б аудио-видео құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгін интернет немесе теле көрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар оқу-танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр.
Қашықтан оқытудың негізі – курстін оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне касеталардағы жазулар,компьютерлік программалар тақырыптар бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.
Қашықтан білім берудің сипаттамалары:
- қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;
- курстын модулмен құрылуы;
- аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі;
- жоғары жинақтылық;
- оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.
Қашықтан оқыту әдістері. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенің зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер,М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.
Қашықтан оқыту құралдары.Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:
- қағаз оқу басылымы;
- желілік оқылу басылымы;
- электрондық оқу басылымы;
- аудио оқу ақпараттық материалдары;
- зертханалық дистанциялық практикумдары;
- вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары.
Қашықтан оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беріді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, симинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар,емтихиндар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кенінең таралған.
Қашықтан оқыту – оқулық материалын жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді:
- ЖОО студенттері;
- Орта мектеп оқушылары;
- Түрлі деңгей басқарушылары;
- Аймақтық басқару органдары жетекшілері;
- Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар;
- Екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар;
- Қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар.
Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары:
· оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;
· эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;
· студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет