Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



Дата04.07.2018
өлшемі24,85 Kb.
#46395
түріСабақ
Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Мақсаты: Сөз құрамы және түбір мен қосымша туралы білу. Өз бетімен іздене отырып ереже шығару, түсіну. Жаттығулар мен әр түрлі тапсырмалар орындай отырып қосымшаларды қолдану, салыстыру, талдау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ . Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар керекті құрал-жабдықтарын алады.

- Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сендер өз білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

-Олай болса, сәттілік тілеймін!

Сөз құрамына қарай топқа бөлу: Түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау

Топ ережесін құру

ІІ. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберіне тұру

Мұғалім айтқан өлеңді бірге айтады

Күлім қағып қолымды,

1, 2, 3 деп соғайын.

Қарап түрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Татулық» деген тақырыпқа әңгіме құрау

IV. Өткенді тиянақтауға тапсырма:

Түбір тобына: түбір сөздер жазу

Қосымша тобына : Қосымшасы бар сөздер жазу

Жұрнақ тобына: Жұрнағы бар сөздер жазу

Жалғау тобына: Жалғауы бар сөздер жазу

«Айналмалы бекет» әдісімен топтар бір-бірінің жұмысын тексеру.

Әр топтан біреуі жұмысты қорғайды.

Ой қозғау. «Бұл не? » ойыны

Ұлудың суретін көрсету

«Артық болмас білгенің»

Мұғалімнің түсіндіруі

Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ

Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.

V. Оқулықпен жұмыс

297 жаттығу ( ауызша)

Мәтінді оқу. Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын табу. Ол сөздерді жалғаусыз айтып көру. Сонда сөздер дұрыс байланыса ма?

...............................

Түбір тобына: (Баяндап берушілер) Мысалды баяндап береді

Қосымша тобы: (Сұрақ құрастырушылар ) Мәтін бойынша 4 сұрақ құрастырады.

Жұрнақ тобы : (Зерттеушілер) Ұлуды зерттейді.

Жалғау тобы: (Бейнелеуші суретшілер) Ұлуды суреттеу.

Логикалық сұрақ

Ұлу 2 минутта 2 см жоғары жылжиды. Содан соң 1 минут демалады да, 1 см төмен түседі. Ұлу 5 минут ішінде неше сантиметр жоғары жылжиды? (3 см)

VІ.Дәптермен жұмыс:

Кане, балалар.

Дәптерімізді алайық

Көркем етіп жазайық

Ай, күнді жазу

Жазу каллиграфиясы: Бб, Бб

299 -жаттығу (жазбаша)

Берілген сөздерге жұрнақ пен жалғауды жалғап айт.

Мал


Мал+шы+лар

Біл


Біл+ім+мен

Жаңа


Жаңа+лық+та

Ұш

Ұш+қыш+пен



Сөздерге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады екен?

Иа, түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады.

Ережені оқу.

Топтық жұмыс:

Әр топ өз тобының атына байланысты ережені кестеге түсіреді. Сағат әдісімен басқа топтың жұмысын тексереді.

Түбір сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау.

300 жаттығу:

Суреттегі зат атауларына –шы жұрнағын қосып оқы.Сол сөздерді сөз құрамына талда. Шалғы-шы, шөп-ші, қой-шы.



Жеке жұмыс

«Сәйкесендіру» тесті

Дәрі+гер, еңбек+қор, тұз+дық, ну+лы, спорт+шы



301-жаттығу (әңгіме құрау)

Медеу мұзайдыны

Медеу Спорт Кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде. Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады.



VІІ.Сергіту сәті:

VІІІ.Бекіту кезеңі:

«Суретке жан бітір» ойыны

Балық, кітап, жылқы, домбыра, дәрі, ғарыш суреттерін көрсете отырып жұрнақ жалғап айту.



ІХ.Қорытындылау

Вен диаграммасы



- Сабағымызды қорытындылау үшін сендерге конверттер таратып беремін. Конверттерде әріптер бар. Әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастырасыңдар, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратасыңдар.

Өрмекші, суретші, қағазды, өнерлі



Х. Бағалау: Әр топ бірін бағалайды. Мұғалімнің бағалауы

ХІ. Үйге тапсырма: 298 жаттығу 107 бет (Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жаз)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет