Сабақ тақырыбы: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі.»



Дата25.12.2021
өлшемі12,57 Kb.
#105092
түріСабақ
Байланысты:
03.02,21. 3-пар. Кәрімова Ботагөз
ср11, 1558034518, 1558034518, 1558034518, 03.02,21. 3-пар. Кәрімова Ботагөз , еңбексүйгіштік және отаншылдық


Күні: 03.02.2021 (3-пар)

Топ: 3-ум-1

Аты-жөні : Кәрімова Ботагөз

Оқытушы: Акишева Ф.А.

Пән: Оқу практикасы «Байқау практикасына дайындық».

Сабақ тақырыбы: «Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі.»


Тапсырма 1
1.Радиусы 3-ке тең центрі С(4;-2) нүктесінде болатын шеңбердің тендеуін жазайық. Бұл шеңбер А(-1; 5) нүктесінен өте ме, өтпей ме?

Дескрипторлар:

-шеңбер теңдеуін жазады

-Тиісті сандарды қойып тексереді
2.Мына теңдеулермен берілген шеңбердің радиусын және центрінің координаталарын табыңдар

х22=16

R= ; О (-1;0)

х22-64=0

R=4; О (0;0)

(х -3)2+(у+2)2=25

R=8; О (0;0)

г)(х +1)22=3

R=7; О (0;0)

д)х22-49=0

R=5; О (3;-2)


Дескрипторлар:

- шеңбердің радиусын;

- шеңбердің центрінің координаталарын табады.
3.АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз.

Дескрипторлар:

-екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады;

-теңдеу құрады;

-теңдеуді шешіп, айнымалылардың мәндерін табады;




4.АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз.

Дескрипторлар:

-шеңбер центрінің координаталарын табады ;

-шеңбердің радиусын табады;

-шеңбердің теңдеуін жазады;


5.АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы үшін:

а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз;

b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз;

с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.



Дескрипторлар :

-үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табады (кем дегенде екі қабырғасының ұзындықтарын анықтайды)

-үшбұрыштың түрін анықтайды

-кесіндінің қақ ортасының координатасын табу формуласын қолданады

-кесіндінің ортасының координатасын есептейді

-ВК кесіндісінің ұзындығын табады

-үшбұрыштың ауданын анықтайды
Бағалау критерийлері

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

Шеңбердің теңдеуін құрады.

Координатамен берілген есептерді шығарады.


Тапсырма 2

Ойын 1

«Суретшілер сайысы» (Карточкамен жұмыс)
“Абсцисса” тобы басшысына:
а) (- 7; 0), (- 5; 2), (7; 2),(9; 5), (10; 1),(10; 5), (9; 0).
ә) (0; 2), (5; 6), (7; 6), (4; 2).
б) (0; 1), (6,- 3), (8;- 3), (4; 1).
(Ұшақтың суреті.)
“Ордината” тобы басшысына:
А(0; 0), В (- 1; 1), С (- 3; 1), Д(- 2; 3), Е(- 3; 3), Ж (- 4; 6), З (0; 8), К (2; 5,), L (2; 11),
О (6; 10), М(3; 9), N (4; 5), Н (3; 0), Т (3;- 8), П (1;- 8), А (0; 0).
(Құстың суреті.)

Ойын 2

Көп ойланып, аз сөйле.”


(Сұраққа “дұрыс”, “дұрыс емес” деп жауап береді).

“Абсцисса” тобына:


1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады. (Дұрыс емес)
2. Вертикаль сызылған координаталық ось ордината деп аталады. (Дұрыс)
3. Қиылысатын түзулер - параллель түзулер. (Дұрыс емес)
4. Шаршының 5 қабырғасы бар. (Дұрыс емес)
5. ІІ - ширектің таңбасы: (-;+) (Дұрыс)

“Ордината” тобына:


1. Координаталық жазықтықта 4 ширек бар. (дұрыс)
2. Түзуге берілген нүктеден бірнеше перпендикуляр түзу жүргізуге болады. (Дұрыс емес)
3. Перпендикуляр нүктелердің ортақ нүктелері жоқ.
(Дұрыс емес)
4. Горизонталь сызылған координаталық ось абсцисса деп аталады. (Дұрыс)
5. IV - ширектің таңбасы: (-;+). (Дұрыс емес)
Ойын 3

«Тездет, бірақ қателеспе » ойыны

1. Түзу дегеніміз не?


2. Кесінді дегеніміз не?
3. Сәуле дегеніміз не?
4. Екі түзудің орналасуы туралы не білесіңдер?
(қиылысатын түзулер, перпендикуляр түзулер, айқас түзулер, параллель түзулер)
5. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
6. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
7. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара қиылыса ма?
8. Параллель түзулерге өмірден мысалдар келтір.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет