1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Этерификация реакциясының механизмі



бет41/72
Дата22.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#182114
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

41.Этерификация реакциясының механизмі
Этерификация (греч. αἰθήρ — эфир жəне лат. facio — жасаймын) реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында əрекеттестіріп, нəтижесінде күрделі эфир мен су түзіледі.

RCOOH + R’OH ⇔ RCOOR' + Н2О


Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды.
Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен əрекеттестіргенде оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды.
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
Реакция механизмі.
Реакция нуклеофильді орын басу механизмі бойынша жүреді. Бірінші сатысында карбон қышқылының карбонильді тобының оттегі атомының протондалуы жүреді, сонымен қатар бұл резонансты стабильді карбкатион түзе жүреді. Одан кейін спирттегі гидроксил тобынның оттегі атомы карбонильді орталыққа алкилоксоний ионын түзе нуклеофильді шабуылдауы жүреді. Бұл стадия шектеуші болып табылады. Одан кейін алкилоксоний ионында протонының гидроксилдердің біріне кететін O+H2тобының түзуімен миграциясы болады. Соңғы стадияда аралық өнім түзіліп, одан кейін су мен протон бөлініп күрделі эфир түзіледі:
Этерификация процесін көбінесе катализатор қатысында жүргізеді, мысалы, күшті қышқылдар – күкірт қышқылы, толуолсульфон қышқылы, тағы басқа қышқылдар.Этерификация реакциясы қайтымды реакция болып келеді, күрделі эфирлердің гидролизін біз сабындану деп те атаймыз.
42.Спирттердің карбонильді қосылыстарға дейін тотығуы
1. Спирттердің тотығуы
Зертханалық жағдайда карбонилді қосылыстарды күкірт қышқылы H2SO4 құрамында күшті тотықтырғыштардың (калий бихроматы K2Cr2O7 немесе калий перманганаты KMnO4) қатысуымен ауыр жағдайларда спирттерді тотықтыру арқылы алады. Мыс (II) оксидін қыздырған кезде тотықтырғыш ретінде пайдалануға болады.
Біріншілік спирттер тотыққанда альдегидтер түзіледі:

Альдегидтің қышқылға айналуын болдырмау үшін реакция кезінде оны тазартады (молекулааралық сутектік байланыс түзбейтін альдегидтің қайнау температурасы спирт пен қышқылдың қайнау температурасынан төмен).

Екіншілік спирттер тотыққанда кетондар түзіледі:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет