1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Спирттердің карбонильді қосылыстарға дейін тотығуы



бет37/72
Дата22.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#182114
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

29. Спирттердің карбонильді қосылыстарға дейін тотығуы

Спирттер, алкогольдер – құрамында бір немесе бірнеше OH тобы болатын көмірсутек туындылары. ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құрылысына байланысты қаныққан (этил C2H5OH), қанықпаған (аллил СН2СНСН2ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т.б.) және Женева номенклатурасы бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т.б.). Кейде ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін – шарап спирті, метил спиртін – ағаш спирті деп атайды). Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы, метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т.б. ауруларын тудырады). Өнеркәсіпте спирттерді олефиндерді гидраттау, альдегид, кетондарды тотықсыздандыру, т.б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай, күріш, картоп, т.б. өсімдік шикізаттарын зимаза ферментінің қатысуымен ашыту немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.


Спирттердің тотығуы: Бір атомды спирттер оңай тотығып альдегидтерге, одан әрі қарай карбон қышқылдарына айналады:
С2H5OH + [O] → CH3CОH
этанол сірке альдегиді

CH3COH + [O] → CH3COOH


сірке альдегиді сірке қышқылы
30.Альдегидтердің алыну тәсілдері (альдегидтерге сапалық реакция жазыңыз)





32Бензол сақинасына алкилді топты қосу қандай реакция типіне жатады


Алкилдену. Бензол сақинасындағы сутегі атомының алкил тобымен (алкилдену) алмасуы алкилгалогенидтердің (Фридель-Крафтс реакциясы) немесе AlCl3, AlBr3, FeCl3 (Льюис қышқылдары) катализаторларының қатысуымен алкендердің әсерінен жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет