1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты



бет45/72
Дата22.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#182114
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

Жазық хроматография[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жазық хроматография - стационарлы фаза жазық күйде болатын бөлу әдісі. Станционарлы фаза қағаз беті, қағазға сіңірілген зат (қағаз хроматографиясы) немесе шыны тәрізді тірекке жағылған қатты бөлшектердің қабаты (жұқа қабатты хроматография) болуы мүмкін. Үлгідегі әртүрлі қосылыстар стационарлы фазамен қаншалықты күшті әрекеттесетініне байланысты әртүрлі қашықтықтарды өтеді. Белгісіз затты анықтау үшін әр химиялық заттың нақты тежелу коэффициентінн (Rf) қолдануға болады.
Қағаз хроматографиясы
Қағаз хроматографиясы - бұл хроматографиялық қағаздың жолағына үлгінің кішкене нүктесін не сызығын қою арқылы орындалатын әдіс. Қағаз еріткіштің аз мөлшері орналасқан контейнерге салынып, кақпақпен жабылады. Еріткіш қағаз бойымен көтерілгенде, үлгіні өзімен ала кетіп, оны қағаз бетіне жаяды. Қағаз целлюлозаданполярлық заттан жасалған және қоспаның құрамындағы полярлы заттар целюлозамен әрекеттесіп, онымен байланысады, сондықтан тез тежеліп қалады. Ал полярлығы төмен заттар алдыға жылжи береді.
Жұқа қабатты хроматография (TLC)[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жұқа қабатты хроматография (TLC) - әртүрлі биохимиялық заттарды стационарлы және жылжымалы фазалар арасында тарату арқылы оларды бөлетін кеңінен қолданылатын зертханалық әдіс. Бұл қағаз хроматографиясына ұқсас. Алайда, бұл әдісте тегіс, инертті субстратқа жағылған кремнийлі гельглинозем немесе целлюлоза сияқты адсорбенттің жұқа қабаты стационарлы фаза рөлін атқарады. TLC өте көп қолданыс тапты; бірнеше үлгіні бір қабатта бір уақытта бөліп алуға болады, дәрі-дәрмектердің деңгейі мен судың тазалығын сынақтан өткізу үшін де өте пайдалы.[12] Айқас ластану ықтималдығы төмен, өйткені әр бөлу жаңа қабатта орындалады. Қағазбен салыстырғанда бұл әдіс жылдамырақ, жақсырақ бөледі, сандық талдауға келеді, әртүрлі адсорбенттерді таңдауға болады. Еріткішті аз қолданып, жақсы ажыратымдылықпенжылдам бөлу үшін өнімділігі жоғары TLC (HPTLC) қолдануға болады. Оған қоса, ертеректе хромосомаларды саралау үшін де TLC қолданылған, ол үшін олардың гельде жылжыған қашықтығын анықтайтын (бөлу бөлек саты болды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет