1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Өлшем бойынша бөлу хроматографиясы



бет48/72
Дата22.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#182114
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

Өлшем бойынша бөлу хроматографиясы
Өлшем бойынша бөлу хроматографиясы (SEC), немесе басқаша гельден өту хроматографиясы (GPC) немесе гельмен сүзу хроматографиясы молекулаларды өлшеміне қарай бөледі (немесе гидродинамикалық диаметріне немесе гидродинамикалық көлеміне сәйкес). Кіші молекулалар ортаның кеуектеріне ене алады, сондықтан олар тежеліп, жылжымалы фазаның ағынынан шығарылады. Аналит молекулаларының өлшеміне байланысты олар кеуектерде әртүрлі уақыт тежеледі. Алайда, орташа кеуек өлшемінен үлкен молекулалар кеуектерге ене алмайды, сондықтан олар айтарлықтай тежелмейді; мұндай компоненттер бірінші болып бағаннан элюцияланады. Бұл әдетте ажыратымдылығы төмен хроматография әдісі, сондықтан көбінесе тазартудың соңғы сатысы болып табылады. Бұл әдіс әсіресе тазартылған нәруыздардың үшіншілік және төртіншілік құрылымын анықтау үшін пайдалы, себебі оны бастапқы ерітінді жағдайында жүргізуге болады.
Арнайы әдістер
Кері фазалық хроматография
Кері фазалық сұйық хроматография (RPLC) - жылжымалы фаза стационарлы фазадан едәуір полярлы болатын кез-келген сұйық хроматография әдісі. Оның бұлай аталу себебі, қалыпты фазалы сұйық хроматографида жылжымалы фаза стационарлы фазаға қарағанда азырақ полярлы. RPLC-да жылжымалы фазадағы гидрофобты молекулалар гидрофобты стационарлы фазаға адсорбцияланады. Сндықтан да, жылжымалы фазадағы гидрофильді молекулалар алдыға жылжып, бірінші болып бағаннан элюцияланады. Бөлу бағандары әдетте кремний бөлшектерінің субстратымен байланысқан C8 немесе C18 көміртегі тізбегінен тұрады.
Гидрофобты әрекеттесу хроматографиясы
Нәруыздар мен хроматографиялық матрица арасындағы гидрофобты әрекеттесуді нәруыздарды тазарту үшін пайдалануға болады. Гидрофобты әрекеттесу хроматографиясында матрица материалы гидрофобты топтармен алмастырылған. Бұл топтарға метил, этил, пропил, октил немесе фенил топтары кіреді. Тұздың жоғары концентрациясы болғанда, нәруыздардың бетіндегі полярлы емес бүйір тізбектер гидрофобты топтармен әрекеттеседі; гидрофобты эффект ерітіндінің иондық күшінің жоғарылауымен артады. Осылайша, үлгі бағанға полярлығы өте жоғары буферде түседі. Элюант әдетте тұз концентрациясы төмендетілген, жуғыш заттар концентрациясы жоғарлаған (олар гидрофобты әрекеттесуді бұзады) немесе рН өзгертілген судағы буфер болып табылады.
Жалпы, гидрофобты әрекеттесу хроматографиясы (HIC) үлгі рН өзгеруіне немесе өте күшті еріткіштерге сезімтал, ал жоғары тұз концентрациларына шыдамды болса тиімді болып табылады. Әдетте, талдау кезінде буфердегі тұздың мөлшерін өзгертіп отырады. 2012 жылы Мүллер мен Францреб ірі қара сарысуының альбуминін (BSA) қолдана отырып, төрт түрлі гидрофобты шайырдағы HIC-ға температураның әсерін сипаттады. Зерттеу температураны өзгертіп, BSA-ның матрицамен байланыс жақындығына әсерін зерттеді. Цикл температурасының 10-50 C болуы BSA-ны матрицадан шайып шығуға жеткіліксіз екенін, дегенмен баған аз ғана рет қолданылса өте тиімді екені анықталды.[18] Температураны өзгерту арқылы әсер ету мүмкіндігі зертханаларға тұзды сатып алу шығындарын азайтуға және ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Егер тұздың жоғары концентрациясы мен температураның өзгерісін болдырмау қажет болса, өте гидрофобты бәсекелес затты қолдануға болады. HIC-дің тұзға тәуелсіз әдісі деген атпен белгілі бұл әдіс Адамның G иммуноглобулинін (IgG) тікелей қан сарысуынан жеткілікті шығыммен бөлуге мүмкіндік берді. IgG-ды матрицадан ығыстыру үшін бәсекелес ретінде бета-циклодекстринді пайдаланды. Бұл тұзға сезімтал үлгілерді HIC арқылы бөлуге мүмкіндік ашады, өйткені тұздың жоғары концентрациялары нәруыздарды тұндырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет