«Қағаз хроматографиясы» Қажетті реактивтер



Дата21.12.2021
өлшемі15,24 Kb.
#104522
түріҚұрамы
Байланысты:
2788486749285 Зертханалық жұмыс Қағаз хроматографиясы

Зертханалық жұмыс: «Қағаз хроматографиясы»



Қажетті реактивтер:

Құрамында Cu 2+ және Fe 3+ иондары бар тұз ерітінділері, 10%-дық K4[Fe(CN)6]3; этанол мен 5М HCl (9 : 1) (көлем бойынша) қоспасы.



Қолданылатын химиялық құрал-жабдықтар: Көк ленталы сүзгі қағазы, хроматографиялық камера, бүріккіш (пульверизатор) астауша (кювета) немесе стақан, ылғалсорғыш.

Жұмыстың орындалуы:

1. Көк ленталы сүзгі қағазынан ұзындығы 40 мм, ені 4 мм тілікті кәдімгі қарындашпен белгілеңіздер.

2. Фильтрдің ортасына микропипеткамен зерттелетін тұздардың ерітіндісінің әрқайсысынан 0,05 мл-ден тамызыңыздар. Ерітіндіні фильтрге төкпеңіздер, оны қағазға жайлап сіңетіндей етіп пипеткамен тамызыңыздар.

3. Бастапқы дақты абайлап қарындашпен айналдыра сызыңыздар, яғни оның қағаздағы орнын белгілеңдер.

4. Фильтрді кептіріп, тілікті кесіп алыңыздар.

5. Қағаздың тілігін ылғалсорғыш ішіндегі еріткіші бар стақанға батырыңыздар. Еріткіш ылғалсорғышқа алдын ала стақанмен қойылады, өйткені ылғалсорғыштың атмосферасына еріткіш таралуы керек.

6. Тілікті стақандағы еріткішке батырып, ылғалсорғыштың қақпағын жауып, біраз уақытқа қалдырыңыздар.

7. Еріткіш хроматограммаға жайылған кезде оны ылғалсорғыштан шығарыңыздар. Еріткіштің таралған аймағын қарындашпен белгілеп, қағазды кептіріңіздер.



8. Иондарды анықтау үшін қағазға K4[Fe(CN)6]3 ерітіндісін бүріккішпен бүркіңіздер. Нәтижесінде хроматограммада K4[Fe(CN)6]3 көк сақинасы, Cu2[Fe(CN)6] қоңыр сақинасы пайда болады. Rf = l/L формуласы бойынша осы катиондардың жылжу коэффициентін есептеуге болады. Екі катионның да жылжуының бастамасы бастапқы дақтың сыртқы сызығы (қарындашпен белгіленген), ал аяқталуы пайда болған түсті сақиналардың сыртқы шегарасы (l). Еріткіштің жылжу аймағын фильтрдің ортасынан, яғни хроматограмманың ортасынан есептеңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет