31.Алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдары Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкиндер осы типтегі реакцияларға түседі:
гидрогенизация;
гидрогалогендеу;
галогендеу;
ылғалдандыру;
жану.
2H2 + C3H4 = C3H8 — гидрлеу
C2H2 + 2СІ2 = C2H2СІ4– галогендеу
C2H2 + НСІ = С2H3СІ— гидрогалогендеу
H2O + C2H2 = CH3CHO(этаналь)— ылгалдандыру
2C2H2 + 2O2 = 2H2O + 3C + CO21- жану
1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі: 2СН4 → С2Н2 + ЗН2 Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді. 2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады: С2Н6 → С2Н2 + 2Н2 3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады: СаО + ЗС → СаС2 + CO СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2