1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты



бет55/129
Дата01.03.2022
өлшемі5,06 Mb.
#133736
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129
Байланысты:
хим синтез сессия жауап

Тотығу реакциялары. Бензолдың өзі тотықтырғыштардың әсеріне өте тұрақты. Қалыпты жағдайда бензол калий перманганаты ерітіндісін түссіздендірмейді.
6. Ал бензолдың гомологтары (туындылары) біркелкі оңай тотығады. Мысалы, метилбензолга С6Н5СН3 калий перманганаты ерітіндісін құйып қыздырса, ерітінді түссізденеді. Толуолдың метил тобы карбоксил тобына (—СООН) айналып, бензол қышқылы түзіледі.
Метан және басқа алкандар тотықтырғыштардың әсеріне тұрақты екенін білесіңдер. Толуол С6Н5СН3 молекуласындағы бір сутек атомы фенил радикалға (С6Н5—) алмасқан метанның туындысы. Толуол молекуласындағы метил тобы бензол сақинасының әсерінен оңай тотығады. Бензол сақинасының әсерінен метил СН3 — тобындағы электрон тығыздығының бөлінуі (СН4-пен салыстырғанда) бұзылады, бензол сақинасына әсер етіп коймай, сонымен қатар бензол сақинасы да метил тобына әсер ететіндігін көреміз. Ал метил тобының бензол сақинасына әсерін толуолдың нитрлену реакциясы бензолға қарағанда біркелкі оңай жүретіндігі мысалында қарастырғанбыз. Яғни, молекуладағы атом топтары бір-біріне өзара әсер етеді.
7. Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзе жанады (молекула құрамындағы көміртектің массалық үлесіне көңіл аударыңдар):
6Н6 + 3O2 -> 12C + 6Н2O
Егер қосымша оттек немесе ауа үрленсе, жану толық жүреді:
6Н6 + 15O2 -> 12СO2 + 6H20
Бензолдың гомологтары бензолға тән және басқа реакцияларға, мысалы, бензол сақинасына сутек қосылу және галогендермен орын басу реакциясына (бензол ядросындағы және бүйір тізбектегі сутек атомдарын алмастырып) түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет