Реакция механизмі. Реакция нуклеофильді орын басу механизмі бойынша жүреді. Бірінші сатысында карбон қышқылының карбонильді тобының оттегі атомының протондалуы жүреді, сонымен қатар бұл резонансты стабильді карбкатион түзе жүреді. Одан кейін спирттегі гидроксил тобынның оттегі атомы карбонильді орталыққа алкилоксоний ионын түзе нуклеофильді шабуылдауы жүреді. Бұл стадия шектеуші болып табылады. Одан кейін алкилоксоний ионында протонының гидроксилдердің біріне кететін O+H2тобының түзуімен миграциясы болады. Соңғы стадияда аралық өнім түзіліп, одан кейін су мен протон бөлініп күрделі эфир түзіледі:
Этерификация процесін көбінесе катализатор қатысында жүргізеді, мысалы, күшті қышқылдар – күкірт қышқылы, толуолсульфон қышқылы, тағы басқа қышқылдар.Этерификация реакциясы қайтымды реакция болып келеді, күрделі эфирлердің гидролизін біз сабындану деп те атаймыз.