3-деңгей 2. Комплексті қосылыстарды синтездеу Бейтарап молекулаларды не иондарды қосып алып, кристалл тор түйіндерінде және ерітіндіде де жүре алатын иондарды кешенді деп, ал құрамында осындай иондары бар қосылыстарды кешенді қосылыстар деп атайды.
Кешенді қосылыстар құрылысы және қасиеттерін 1893 жылы швейцария ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты А. Вернер ұсынған координациялық теория түсіндіреді.
Бұл теорияның негізгі қағидалары төмендегідей:
кешенді қосылыстарда бір ион не атом орталықтан орын алады, оны кешен түзушідеп атайды;
ә) орталық ион (атом) айналасында қарама-қарсы зарядты ион не полярлы молекулалар орналасады, оларды лигандтар деп атайды. “Лиганд” деген сөз латынның “ligo” – байланысқан деген мағына береді;
б) орталық ион (атом) лигандтармен бірге кешенді қосылыстың ішкі координациялық сферасын құрады, оны квадрат жақшаға алып жазады;
в) кешен түзішумен байланысқан бөлшектердің жалпы санын координациялық сан деп атайды, оның сан мәні көп жағдайда 2, 4, 6, 8, болады;
г) орталық ионнан едәуір қашықтықта орналасқан иондар кешенді қосылыстың сыртқы сферасын құрады;
д) орталық ионның (атом) өзінің айналасындағы бөлшектерімен байланыс беріктілігі әртүрлі болады.
А.Вернердің координациялық теориясын орыс ғалымдары Л.А.Чугаев, И.Л.Черняев, А.А.Гринберг т.б. ғалымдар толықтырды.
Комплексті қосылыстар түзілу жолдары
Қосылу реакциясы:
Fe(CN)2 + 4KCN = K4[Fe(CN)6]
Енгізу реакциясы (внедрение):