1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Негізгі дидактикалық категориялар



бет69/77
Дата13.09.2020
өлшемі0.6 Mb.
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
64.Негізгі дидактикалық категориялар.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі. Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері. Дидактиканың негізгі міндеттері:

- табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды өзінің практикалық әрекетінде саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.

- ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық ( грек тілінде ontos – тіршілік ) негізін анықтау, ( яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдар оқытудың нәтижесі. Бұлар бір-бірімен өзара байланысты болады және ғылыми-дидактикалық жүйенің бір бөлігі ретінде қаралады. Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәрбиесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтежиесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет