61. Аттестациялық комиссия.
Аттестация жүргізу және аттестацияға байланысты мәселелерді шешу үшін Ұлттық комиссияда құрамына Ұлттық комиссияның мүшелері - атқарушы директорлары, Ұлттық комиссияның қызметкерлері, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдары мен кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының өкілдері (дауыс беруге қатысу құқығынсыз) кіретін Аттестациялық комиссия құрылады. 7. Аттестациялық комиссия жеті адамнан тұрады және оған Аттестациялық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Аттестациялық комиссияның төрағасы және төрағасының орынбасары болып, әдетте, Ұлттық комиссияның Атқарушы директорлары тағайындалады. Аттестациялық комиссияның жеке құрамы Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен белгіленеді. 8. Аттестациялық комиссияның іс-қағазын Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады. Аттестациялық комиссия хатшысының функциясын оның мүшелерінің біреуі жүзеге асыра алады. Аттестациялық комиссияның отырысы қажеттілігіне орай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Аттестациялық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақытын және орнын оның төрағасы немесе ол жоқ болған кезде Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары айқындайды. Аттестациялық комиссияның отырысы, егер онда Аттестациялық комиссия төрағасын немесе оның орынбасарын (осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда) қоса отырып оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, өкілетті болып танылады. Ұлттық комиссияның қызметкері - Аттестациялық комиссия мүшесінің Аттестациялық комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі болмай қалған кезде оны, Аттестациялық комиссия отырысының хаттамасына тиісті жазба енгізіле отырып, Ұлттық комиссия орталық аппаратының Аттестациялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін бөлімшесінің қызметкері ауыстырады. Ұлттық комиссияның қызметкері - Аттестациялық комиссия мүшесінің міндетін атқарудың схемасы Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен белгіленеді. Аттестация екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең - тестілеу;
2) екінші кезең - ауызша емтихан.
29. Аттестация барысында Үміткерге анықтамалық, арнаулы және өзге әдебиетті, сондай-ақ қандай да болмасын жазбаны (оның ішінде электронды түрде) пайдалануға тыйым салынады. Осы талаптар, сондай-ақ жалпыға бірдей тәртіп нормалары бұзылған жағдайда Үміткер аттестациядан шығарып жіберілуі мүмкін.
Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес аттестациядан шығарып жіберілген Үміткер аттестациядан өтпеген болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |