1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


донорлақты реттеу заңдылқтары



бет74/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
69.донорлақты реттеу заңдылқтары

Донорлық және ауыстырып қондыру

24-бап. Қан және оның құрамдас бөлiгiне донорлық

Донорлық пен қан және оның құрамдас бөлiктерiн құю тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

25-бап. Тіндер мен ағзаларды ауыстырып қондыру

1. Адам, адамның мәйiтi, сондай-ақ жануарлар тiндер мен ағзаларды ауыстырып қондыру жөнiнен донор бола алады.

2. Адам тіндерi мен ағзаларын мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып қондыруға тыйым салынады. Адам ағзалары сатып алу, сату және коммерциялық мәмiлелер заты бола алмайды. Мұндай iс-әрекеттерге жол берген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Заңның осы бабының 2-тармақшасының қолданысы дайындау үшiн тiндiк құрамдар пайдаланылған препараттар мен ауыстырып қондыру материалдарына қолданылмайды.

3. Адам ағзалары мен тiндерiн Қазақстан Республикасының шегiнен шығаруға тыйым салынады.

4. Қабылдаушымен генетикалық байланыстағы (сүйек кемiгiн қондыру жағдайларынан басқа), жан-жақты медициналық тексеруден өткен және одан ағзалар (ағзалардың бөлiгiн) мен (немесе) тіндер алуға болатындығы туралы консилиум дәрiгер-мамандарының қорытындысы бар адамдар тiрi донор болуы мүмкiн.

Тiрi донордан қолының түпнұсқасы нотариуспен куәландырылған оның жазбаша келiсімен ауыстырып қондыру үшiн жоқтығы денсаулықтың қайтымсыз бұзылуын болдырмайтын жұп ағзалардың бiрi, ағзаның немесе тiндердің бөлiгi алынуы мүмкiн.

5. Қайтыс болған адамнан ауыстырып қондыру үшiн тiндер мен (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлiгiн) алу биологиялық өлiмдi тек дәрiгер-мамандар консилиумы анықтаған жағдайда ғана жүргiзілуi мүмкiн.

6. Тiндер мен (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) ауыстырып қондырудың қажеттiлiгi туралы медициналық қорытындыны тиiстi денсаулық сақтау ұйымының дәрiгерлер консилиумы бередi.

7. Тiндер мен (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) ауыстырып қондыру қабылдаушының жазбаша келiсiмi бойынша не кәмелетке толмаған қабылдаушының немесе заңнамада белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған қабылдаушының ата-анасының немесе заңды өкiлiнің жазбаша келiсiмi бойынша жүргiзiледi.

Қабылдаушыға алдағы операциялық араласуларға байланысты оның денсаулығы үшiн болуы мүмкiн асқынулар туралы ескертiлуi тиiс.

8. Мәйiттерден тiндер мен (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлiгiн) алу денсаулық сақтау ұйымдарында жүргiзiледi. Тiндер мен (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiгiн) бұзылудан сақтау және ауыстырып қондыру көрсетiлген қызметтi жүзеге асыруға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда тек мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жол берiледi.

9. Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерi мен өзге де қызметкерлеріне донор мен қабылдаушы туралы мәлiметтердi жариялауға тыйым салынады. Бұндай мәлiметтердi жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

26-бап. Тiндер мен ағзалар донорларының құқықтары мен

әлеуметтiк қорғалуы

1. Өзiнiң тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) ауыстырып салуға келiсiм берген донор денсаулық сақтау ұйымынан тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) алу бойынша алда болатын қауырт әрекетке байланысты оның денсаулығы үшiн болуы мүмкiн асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге құқығы бар.

2. Донор жүргiзiлген операцияға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегiн емделуге, оның ішінде дәрi-дәрмек алуға құқығы бар.

3. Донорлық функцияны орындауға байланысты медицина қызметкерi зиян келтiргенде, донор Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар.

70.донор міндеті

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

1. Он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттарда қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген жеке тұлға донор болуға құқылы.

2. Донор:

1) қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеусіз жүзеге асыруға;

2) қан мен оның компоненттерін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде ақылы донациялауды жүзеге асыруға;

3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;

4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.

3. Донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет