67.сарапшы қызметінің заңдылықтарын реттеу
Сот сараптамасы органының басшысы не комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) комиссияның құрамын кіретін сот сарапшыларының қызметін үйлестіру үшін жетекші сарапшыны тағайындайды.
Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы толық көлемде тәуелсіз және дербес зерттеу жүргізеді.
Егер сарапшылар арасында қарама-қайшылық туатын болса әр сарапшы немесе сарапшылардың бір бөлігі бөлек қорытынды береді, немесе көзқарасы басқа сарапшылардан өзге болған сарапшы оны қорытындыда бөлек жазады.
Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жағдайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер қажет болғанда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді.
Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
Кешенді сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы өздерінің арнаулы ғылыми білімі шегінде зерттеу жүргізеді. Кешенді сот сараптамасының қорытындысында әрбір сот сарапшысының қандай зерттеулерді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сот сарапшысы қорытындыны өзі жүргізген зерттеу көрсетілген бөлігіне қол қояды.Әрбір сот сарапшысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықталуы үшін сот сараптамасы тағайындалған мән-жайлар туралы қорытындыны (қорытындыларды) тұжырымдайды. Жалпы қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыретті сот сарапшылары ғана тұжырымдайды және оларға қол қояды. Егер сот сарапшыларының бірі (жекелеген сот сарапшылары) анықтаған фактілер комиссиясының немесе оның бір бөлігінің түпкілікті қорытындысына негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.
Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, олардың әрбіреуі немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің тұжырымымен сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда бөлек көрсетеді.
Сарапшының қорытындысын рәсімдеу
17. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық қызмет туралы" Заңының талаптарына сәйкес рәсімделеді.
18. Сарапшы қорытындыны өзінің ана тілінде немесе өзі игерген тілде бере алады.
19. Қорытынды: іс жағдайының қысқаша мазмұны кіретін кіріспе бөлім, зерттеу және қорытынды бөлімдерден тұрады.
20. Қорытындының кіріспе бөлімінде:
1) сараптаманың жүргізілген уақыты мен орны;
2) сараптамалық зерттеу жүргізу үшін мәні бар сараптама жүргізудің жағдайы (жарық, ауаның температурасы және т.б.);
3) негізінде сараптама жүргізілетін қаулы;
4) сарапшының аты, тегі, әкесінің аты, атқарып отырған лауазымы, мамандығы және мамандығы бойынша жұмыс өтілі, бар болса: біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы;
5) мәйітке сараптама жүргізу кезінде: қайтыс болған адамның аты, тегі, әкесінің аты, жасы;
6) жәбірленушіге, айыпталушыға және басқа да адамдарға сараптама жүргізгенде: аты, тегі, әкесінің аты, жасы, мекен-жайы, жеке басын анықтайтын құжаты;
7) іс материалдары мен заттай айғақтары бойынша сараптама жүргізген кезде - қылмыстық немесе азаматтық істің атауы мен нөмірі немесе томдардың, іс-парақтарының саны, сараптамаға түскен үлгілер мен объектілердің тізімі;
8) сараптама жүргізуге қатысқан адамдардың аты, тегі, әкесінің аты;
9) сот-медициналық сарапшының қылмыстық іс бойынша құқықтары, міндеттері туралы және жалған сараптама бергендігі үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескерту туралы қол қоюы;
10) сараптама барысында шешілетін сұрақтардың тізбесі;
11) сараптама тағайындаған тұлғаның (органның) редакциясында айтылған істің мән-жайы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |