1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық мекемелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі



бет30/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
21. Медициналық мекемелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12 тарауы «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» үшін қылмыстық жауаптылық көздегендіктен, осы құрамдардың субъектісі ретінде медицина және фармацевтика қызметкерлерін танимыз. Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық» құрамдарына келесі құрамдар жатады:

• Медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (Қылмыстық кодекстің 317-бабы);

• Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу (Қылмыстық кодекстің 318-бабы);

• Заңсыз түсік жасау (Қылмыстық кодекстің 319-бабы);

• Науқасқа көмек көрсетпеу (Қылмыстық кодекстің 320-бабы);

• Дәрігерлік құпияны жария ету (Қылмыстық кодекстің 321-бабы);

• Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (Қылмыстық кодекстің 322-бабы);

Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу (Қылмыстық кодекстің 323-бабы);

2015 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін соттық тергеуге дейінгі бірыңғай реестрде 367 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің баптары бойынша:

Медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы 322 қылмыстық құқық бұзушылық.

Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу – 2 қылмыстық құқық бұзушылық.

Заңсыз түсік жасау – 32 қылмыстық құқық бұзушылық.

Науқасқа көмек көрсетпеу – 8 қылмыстық құқық бұзушылық.

Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау – 2 қылмыстық құқық бұзушылық.

Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу – 1. қылмыстық құқық бұзушылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет