Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштері есептеу объектілері болып табылады.
3. Әдістеме профилактикалық, емдеу және оңалту көмегін көрсететін ұйымдардың:
1) халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының;
4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының;
Медициналық-демографиялық ахуал және сырқаттанушылық
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - "Саламатты Қазақстан" мембағдарламасы) іске асырылған кезеңде: 1) республикадағы халық санының жыл сайын 1,4%-ға өсу қарқынымен 17 417,7 мың адамға (01.01.2015 жылға) дейін ұлғаюы;
2) күтілетін өмір сүру ұзақтығының 71,62 жасқа дейін өсуі (2010 жылы - 68,45 жас);
3) халықтың жалпы өлім-жітімінің 15,3%-ға төмендеуі (2010 жылы - 1000 тұрғынға шаққанда 8,94, 2014 жылы - 7,57);
4) бала туу көрсеткішінің 2,6%-ға ұлғаюы (2010 жылы - 1000 тұрғынға шаққанда 22,54, 2014 жылы - 23,13);
5) аналар өлім-жітімінің 1,9 есе төмендеуі (2010 жылы - туылған 100 000 балаға шаққанда 22,7, 2014 жылы - 11,7);
6) сәбилер өлім-жітімінің 1,7 есе төмендеуі (2010 жылы - тірі туылған 1000 балаға шаққанда 16,58, 2014 жылы - 9, 72)