1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Жүктілікті жасанды үзу бойынша медициналық қызметті құқықты реттеу



бет43/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
36. Жүктілікті жасанды үзу бойынша медициналық қызметті құқықты реттеу.

Жүктілікті жасанды түрде үзу немесе аборт – жүктілікті үзу және жатырдағы біткен ұрықты өмірге қабілеттілік мерзіміне жеткізбей дәрі-дәрмектік немесе хирургиялық әдістерді қолдана отырып және әйелдің (заңды өкілінің) жазбаша ақпараттандырылған келісімін ала отырып, жүктілікті үзу және жатырдан ұрықты алып тастау.

3. Жүктілікті жасанды түрде үзу мынадай кезде жүргізіледі:

1) әйелдің қалауымен етеккірі 20 күнге дейін кідірсе және жүктіліктің 12 аптасына дейін;

2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүктіліктің мерзіміне байланыссыз анасы жағынан да ұрық жағынан да медициналық көрсетімдері бойынша;

3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көрсетімдері бойынша 13 аптадан 22 аптаға дейін.

Аборттың екі түрі бар:

Біріншіден-құқыққа сай, жүктілікті жасанды түрде үзу немесе аборт – жүктілікті үзу және жатырдағы біткен ұрықты өмірге қабілеттілік мерзіміне жеткізбей дәрі-дәрмектік немесе хирургиялықәдістерді қолдана отырып және әйелдің (заңды өкілінің) жазбаша ақпараттандырылған келісімін ала отырып, жүктілікті үзу, жатырдан ұрықты алып тастау, яғни медициналық көрсеткіштің негізінде әйелге қауіп төну кезінде заңға сай жасанды үзу айтамыз.

Екіншіден-заңсыз аборт, яғни медициналық білімі жоқ адамныңәйел мен баланың денсаулығына зиян келетінін біле тұра аборт жасауы. Заңсыз аборт жасау, науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің 104-бабына сәйкес жүктілікті жасанды түрде үзу құқығын жүзеге асырылатын жағдайлар:

1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар.Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.

2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдіңқалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша — жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананыңөміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйініңөмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) — жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.

Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрыңғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.

Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

ҚК-тің 117-бабына сәйкес заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.

1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы — бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз аборт жасауы — бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы -үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Абайсызда жәбiрленушiнiңөлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау — үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет