1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Медициналық тәжірибедегі қызметтік қылмыстар



бет37/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
30. Медициналық тәжірибедегі қызметтік қылмыстар

Медициналық қызметкерлердің қылмыстық жауаптылығының өзекті мәселелері

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адам өмірі ең құнды қазыналардың бірі болып табылады (ҚР Конституциясы, 1-бап) . Соған сәйкес адам өмірі мен денсаулығын сақтау республиканың ең басты міндеті. Өз денсаулығын сақтауда республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы (ҚР Конституциясы, 29-бап). Дегенмен соңғы кездері азаматтар білікті медициналық көмекті алу барысында заңбұзушылықтар жиі жіберіліп, салдарынан денсаулыққа түрлі деңгейде зиян келуде. Медициналық қызметкерлердің өзінің кәсіби міндетін дұрыс атқармауы азаматтардың конституциямен кепілдік берілген медициналық көмектің білікті жасалмағандығын көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып, БАҚ, құқық қорғау органдары мен азаматтар тарапынан жіті бақылануда. Медицина ғылымының қарыштап дамуы, бұрын емдеу мүмкін болмаған ауру түрлерімен күресудің түрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы бұл саладағы қылмыстыққұқықтық реттеу санының артуына әкелді. И.М. Тяжковтың көрсетуінше:«...медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін заңға сәйкес орындамауы ауыр салдарға және орны толмас шығынға әкелгені үшін жауапкершілік қағаз беттерінде бірнеше рет жарық көргеніне қарамастан, заң мен тәжірибе жүзінде өз шешімін тапқан жоқ .Медициналық көмекті көрсету кезіндегі ең басты кемшілік медициналық қызметкерлердің (дәрігер) кәсіби қызметін орындамауы немесе сапасыз орындауымен сипатталады. Осы орайда медицина қызметкерлеріне заңды түрде анықтама беретін болсақ, ол – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, ал бейінді маман ретінде жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері танылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттері үш топқа бөліп қарастырады: жазатайым оқиға, дәрігерлік қателік және кәсіби қызметімен байланысты қылмыс. Жазатайым оқиға мен дәрігерлік қателік қылмыс болып табылмайды, сондықтан қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Аталған саралау тек кәсіби медицина қызметкерлерінің қателігін ғана емес, сондай-ақ орта білімді медициналық персоналдың қоғамға қауіпті әрекетін айқындауға негіз болатындығын атап өткен жөн.

А.В. Грегори жазатайым оқиға ретінде емдеуде немесе операция кезінде пайда болған кез келген кенет оқиғаны қараған орынды. Оған мысал ретінде операциядан кейін инфекциялардың қозуы, операциядан кейінгі асқыну, наркоз кезінде құсықтың салдарынан тұншығу және т.б. жағдайды жатқызуға болады . И.В. Марковинның жазатайым оқиға деп операция кезіндегі күрделі жағдайға әкелген техникалық олқылықтарды санауға болады: абцесс деп тауып қан тамырларын кесу, кейде тіпті жатыр ішіндегі жүктілікті ісік деп табу оқиғалары,дәрігерлер біліктілігінің жетілмегендігімен түсіндіріледі, кейде нақты диагноз қоюдың мүмкін болмауы тек жұмыс жолына енді аяқ басқан дәрігерлерде ғана емес, сондай-ақ білікті дәрігерлердің өзінде де орын алады.

Келесі қоғам арасында кең таралған түсінік «дәрігерлік қателік». Ю.Д. Сергеев медициналық әдебиетте дәрігерлік қателіктерді қамтитын алпысқа жауық жағдай тіркелгендігін көрсетеді [7]. И.Ф. Огарков медициналық қателіктерді екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады: аурудың диагностикасы кезінде жасалатын қателіктер және емдік шараларды тағайындау мен жүзеге асыру кезінде жасалатын қателіктер [6, 14-б.]. Заңгер И.Ф. Крылов дәрігерлік қателіктерді үш топқа бөледі: диагностикалық қателіктер, оған ауруды анықтамау немесе дұрыс анықтамау;

2) тактикалық қателіктер, яғни операцияға жіберу барысында көрсеткіштердегі қателіктер, уақыттың дұрыс таңдалмауы, операция барысындағы қателіктер және т.б.;

3) техникалық қателіктер, медициналық техниканың дұрыс қолданылмауы, тиісті дәрі-дәрмектердің берілмеуі мен диагностикалық құралдардың дұрыс қолданылмауы және т.б.

Дәрігерлік қателіктер көп жағдайда объективтік жағдайлармен тығыз байланысты. Оған зерттеу немесе емдеу тәсілінің жетілмеуі, дәрігер тәжірибесі мен біліктілігінің аз болуы немесе шұғыл медициналық көмек көрсетуге объективті жағдайдың болмауы.

Медицина және қылмыстық құқық саласындағы ғалымдар медициналық персоналдың кәсіби міндетін орындау нәтижесінің қылмысқа әкелуін бірнеше жағдаймен байланыстырады: науқастарды медициналық тексерудің салғырт жүргізуі мен диагностикалық зерттеулердің жасалмауы; балаларды қараудағы ұқыпсыздық; емханаға дер кезінде жатқызбау және емдеу мекемесіненуақытынанбұрыншығару; операция мен өзге де емдеу іс-шараларына дайындықтың толық болмауы немесе оған ұқыпсыздық таныту; медициналық нұсқаулар мен ережелерді сақтамау немесе бұзу; дәрі-дәрмектерді ұқыпсыз пайдалану .

Н.С. Жетібаевтың көрсетуі бойынша медициналық көмек көрсету аясында емдеу-медицина ережелерін қылмыстық бұзу бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Диагностикалық бұзулар – ауруларға және олардың асқынуына байланысты диагноз қоюдағы қателіктер. Науқасқа қатысты дәрігердің тиісті мінез-құлық ережелерін бұзуы, яғни дәрігердің кәсіби этикасын сақтамауы; 2. Емдеу-тактикалық бұзулар – диагностикалық бұзулардың салдарынан туындайды; 3. Техникалық бұзулар – диагностикалық және емдік манипуляциялар, процедуралар, әдістемелер, операцияларды жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер; 4. Ұйымдастырушылық бұзулар – қызметке қажет шарттарды, медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктер; 5. Медициналық құжаттарды толтыру барысындағы бұзулар.

Медициналық қызметкердің қылмыстық жауаптылығы медицина қызметкерінің өз кәсіби қызметін атқару кезінде ережені сақтамауы, кәсіби міндетіне салғырт қарауы, сақтық шараларын жасамау, ұйымдастыру жұмысының дұрыс болмауы, дәрілік заттарды шатастырып алу, операциядан кейін бөгде заттардың адам денесінде қалып қоюы әрекеті (әрекетсіздігі) үшін орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет