3.Халықтың санитарлы – эпидеиологиялық жағдайын мемлекет тұрғысынан реттеу.
2-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттiк органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн бiртұтас жүйе болып табылады.
1. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, оның Мемлекеттiк шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы аумақтық бөлiмшелерi;
2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi жатады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн ұйымдар:
1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция; 2) Мемлекеттiк шекарада, аумақтарда, көлiкте сондай-ақ мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттiк ұйым, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк ұйымдар;3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 4) обаға қарсы мемлекеттiк мекемелер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |