1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау мен сапасын бақылаудың негізгі бағыттары?



бет1/2
Дата30.03.2023
өлшемі24,96 Kb.
#173380
  1   2
Байланысты:
Ермакова Дияра 41 гр


1.Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау мен сапасын бақылаудың негізгі бағыттары?
2.Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері?
3.ҚР еңбек гигиенасы саласындағы мемсанэпидқадағалау, оның құрылысы мен қызметі, еңбек гигиенасы саласындағы нормативтік әдістемелік материалдар?
4.GMP ережелері туралы негізгі ақпарат?


1.
•Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттар.
Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.
Дәрі-дәрмек өндірісін мемлекеттік нормалау-бұл тиісті құжаттармен заңдастырылған дәрілік және қосалқы материалдардың сапасына,өндірістің технологиялық процесіне қойылатын талаптар жиынтығы.
Мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары:
1.Дәрілік препараттармен жұмыс істеуге құқығы бар адамдар тобын шектеу.
2.Дәрілік препараттар жазбасының құрамын нормалау.
3.Дәрілік препараттарды өндіру кезінде пайдаланылатын дәрілік және қосалқы заттардың сапа нормаларын белгілеу.
4.Дәрілік препараттарды дайындау шарттарын нормалау.
5.Дәрілік препарат өндірісінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялық процесті нормалау.


2.
Құқығы
1.Кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
2.Жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;
3.Бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
4.Штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда , бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
5.Еңбек міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет