бойынша проректор ______________ Иманбаева Ж.А.
(қолы)
ӨПжКЖ бөлімі маманы _______________ Рахальская Н.Н.
(қолы)
1. Кіріспе "Дәрігер көмекшісі" өндірістік практикасы "балалар аурулары" пәні бойынша оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және кафедраның клиникалық базаларында студенттерді практикалық даярлаудан тұратын оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі болып табылады.
Бағдарлама білім алушыларда балалар жасындағы ауруларды диагностикалау, алдын алу мәселелері бойынша білім, білік және практикалық дағдылар саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді.
1.1. Практиканың мақсаты ЖПД дәрігерінің, педиатрдың кәсіби міндеттерін орындау үшін "Балалар аурулары" пәні бойынша білімді жүйелеу және практикалық дағдыларды бекіту болып табылады.
1.2. Практика міндеттері
дәрігердің емдеу қызметінің барлық түрлерімен танысу;